Haileybury Astana оқушылары зымыран туралы конкурсқа қатысты

Haileybury Astana оқушылары зымыран туралы конкурсқа қатысты

IB бағдарламаның студенттері Алтынай, Олжас және Аминаны "QazAstroShift" зымыран құру бойынша алғашқы турнирде сәтті қатысуымен құттықтаймыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам оқушы қатысқан байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Біздің оқушылар алғашқы үш кезеңнен сәтті өтіп, соңғы кезеңде зымыранды ұшырды.

Оқушыларымыз бұрын-соңды зымыран моделін жасамағанына қарамастан, олар борттық деректер жинайтын және құтқару жүйесі бар зымыранды құрастырды. Зымыран жасаудың бүкіл процесі оларға керемет оқу тәжірибесін және салаға деген қызығушылықты сыйлады.

Оқушыларымыздың ынта-жігері мен адалдығын мақтан тұтамыз. Мектеп ретінде олардың идеялары мен жобаларын қолдауға әрқашан да дайынбыз!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат