Haileybury Astana студенті математикадан халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды
2-7 шілде аралығында IB бағдарламаның түлегі Мерей "Туймаада" математикалық олимпиадасына қатысты. Оны жарыста күміс медаль жеңіп алғанымен құттықтаймыз.
"Туймаада" - Якутскіде 18 жасқа дейінгі оқушыларға арналған жыл сайынғы жарыс. Жылдар бойы олимпиадада 16 шет елден 2500-ден астам оқушы қатысқан. Биыл Астанадан математика пәні бойынша тек 15 оқушы қатысты.
⠀
Биыл Мерей Ееуропалық қыздар математикалық олимпиадасында (EGMO) күміс медаль жеңіп алған еді. Қауымдастық ретінде біз оның жетістіктерін мақтан тұтамыз және мұғалімдерімізге олардың қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіреміз.