Haileybury күні
16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.
Содан жиналған барлық қаражат Қазақстандағы ерекше балалар арасында спортты дамытумен айналысатын "Тең мүмкіндіктер әлемі" қорына жіберілетін болады.
⠀
Іс-шараға қолдау көрсеткен барлық адамдарға алғыс айтамыз. Күн шынымен де керемет өтті. Жиналған сома қазірдің өзінде есептелуде. Өткен жылы біз шамамен 1 300 000 теңге жинаған едік. Осы жылы бұл сомадан көп жинай алдық па? Қалай ойлайсыз?