«Hearts and Wings» журналының бесінші нөмірі

«Hearts and Wings» журналының бесінші нөмірі

Біз «Hearts and Wings» журналының бесінші шығарылымының ресми түрде жарық көргенін қуана хабарлаймыз!

«Hearts and Wings» -бұл Халықаралық бакалавриат бөлімі оқушыларының басшылығымен шығатын мектепішілік журнал. Бұл журналда мектептегі болып жатқан түрлі іс-шаралар баяндалып, әлемдік жаңалықтар талқыланады.

Бұл шығарылым бірінші тоқсандағы іс-шараларды қамтыды. Журналдың басты тақырыбы Haileybury күніне арналды, бұдан басқа қамтылған оқиғалар жаңа мектеп префектілерін таңдау және тілдер күні, сондай-ақ COBIS байқауы мен футбол сайыстары болды.

Біздің дарынды суретшілеріміз «Hearts and Wings» журналының  мұқабасынан бастап, соңғы бетіне дейін өздері безендіріп шықты. Журнал мұқабасындағы бейнеленген Haileybury Астана мектебіндегі төрт үй Гарри Поттермен ұқсастықты меңзейді.

Бұл керемет шығарылымда тек Халықаралық бакалавриат оқушылары ғана емес, 10 және 11-сынып оқушылары да бірлесе отырып жұмыс істеді. Біз осындай тамаша жобаның жүзеге асырылуына үлес қосқандардың барлығына ризамыз және Халықаралық бакалавриат оқушыларының бастамашыл және жауапкершілікті бола алғандары үшін қуаныштымыз.

Haileybury Astana сайтынан «Hearts and Wings» журналын онлайн оқу қолжетімді екендігін қуана хабарлаймыз!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат