Өз балаңыздың жетістікке жетуіне қалай көмектесе аласыз?

Өз балаңыздың жетістікке жетуіне қалай көмектесе аласыз?

Біз Ата-аналар үшін Серіктестік бағдарламамыздың басталғанын қуана хабарлаймыз! Курс өткен жылдан бастап жүзеге асырыла бастады және ата-аналар арасында зор табысқа ие болды. Осы оқу жылындағы алғашқы таныстырылым 28 қыркүйек күні өтеді. Таныстырылым тақырыбы: «Өз балаңыздың жетістікке жетуіне қалай көмектесе аласыз?». Мектеп директорының орынбасары Инна Акопян және музыка бойынша директор және жоғары мектеп басшысы Фэй Фрейзер екеуі мынадай маңызды сұрақтарға жауап беретін болады, мысалы «Бақыт деген не? Ол көзге қалай көрінеді?», «Ата-ана үшін табыс, жетістік деген не?» және «Қарым-қатынас жасау барысында ата-анаға не кедергі болады?». 

Отбасы мен мектеп арасында жақсы қарыс-қатынас орнауы үшін тиімді коммуникацияның атқаратын рөлі зор.  Бұл бағдарлама оқушылардың ата-аналарымен дұрыс әрі тиімді қарым-қатынас орнату үшін дайындалған.  Коммуникацияны орнатуда кездесетін кедергілерді жеңу және ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы өзара қарым-қатынас, әрекеттестіктің жүзеге асырылуы оқушылардың табысқа жетуі мен жақсы жағдайда болуына тікелей әсер етеді.  Ата-аналар серіктестік бағдарламасы ата-аналарды оқушылардың академиялық өміріне араластыру үшін жүзеге асырылды. 

  • Күні: 28 қыркүйек
  • Уақыты: 14.00
  • Өтетін орны: Инны Акопянның кеңсесі

Сізді таныстырылымда күтеміз! 

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат