Біз сіздерді ересек мектепте оқытылатын британдық білім беру бағдарламасымен толығырақ әрі тереңірек танысу үшін 10 ақпан күні сағат 16.00-де болатын IGCSE/IB бағдарламалары бойынша таңдау кешіне шақырамыз.

Аталған іс-шара Haileybury Astana мектебінде осы сәрсенбі күні 16.00-ден 17.20-ға дейін өткізіледі. Қызығушылық танытқан әрбіріңізді асыға күтеміз.  

IGCSE – бұл оқушылардың акдемиялық білімі мен дағдыларын, біліктіліктерін қалыптастырып, дамытуға бағытталған, 14-16 жастағы оқушыларға арналған 2 жылдық оқу бағдарламасы. IGCSE – бұл Халықаралық бакалавриат бағдарламасының негізін қалаушы іргетас, халықаралық тұрғыдан дәлелденген оқушы білімінің көрсеткіші.

Келесі кезең – бесінші деңгей – Ұлыбританияның немесе өзге де батыс елдерінің жоғары оқу орындарына түсу мақсатында ХБ емтихандарын тапсыруға жүргізілетін дайындық. Бұл аталған бағдарлама оқушыларға өздерінің жоғары оқу орнында тереңірек оқығысы келетін пәндерге баса назар аударуына мүмкіндік береді. Өнер сферасын таңдауға болады немесе гуманитарлық ғылымдарды зерттеуге, не болмаса техникалық ғылымға ден қойып, Ақпараттық технология саласын қарастыруға да болады.

Негізгі пәндерге ден қойып, тереңірек зерттеу жоғары оқу орнының бірден екінші курсына қабылдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тегін оқуға және шәкіртақы бағдарламасына үміткер болуға болады.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат