Join Haileybury Astana Open Morning in Senior School

Сіздерді Haileybury Astana мектебінде өткізілетін Ашық есік күніне келіп, ересек сыныптардағы британдық білім беру бағдарламасымен толығырақ танысуға шақырамыз. 

Аталған іс-шара Haileybury Astana мектебінде 24 сәуір, сағат 10:00 мен 12:00 арасында өтеді. Қызығушылық білдірген әрқайсысыңызды қуана қарсы аламыз.

Халықаралық орта білім туралы куәлік (IGCSE) – күрделі 2 жылдық курс, 14-16 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған, оқушылардың академиялық білімдері мен дағдыларын, қабілеттерін арттыруға, бекіте түсуге бағытталған. Халықаралық орта білім туралы куәлік (IGCSE) – халықаралық бакалавриат негізі және оқушылардың білімдерінің халықаралық деңгейдегі танылған көрсеткіші.

 Келесі кезең - ⠀бесінші кезең – Ұлыбритания мен өзге де батыстық жоғары оқу орындарына түсу үшін Халықаралық бакалавриат емтихандарына дайындалу кезеңі. Бағдарламаға сәйкес әрбір оқушы жоғары оқу орнында оқығысы келетін пәнді жоғары сыныпта ден қойып оқуға мүмкіндік береді. Өнер саласын таңдай отырып, гуманитарлық ғылым бойынша білім алуға болады, не болмаса техникалық ғылымдарды таңдауға, немесе Ақпараттық технология саласы бойынша тереңдетілген білім алуға болады.

Кәсіби пәндерді тереңдете отырып оқу жоғары оқу орнының бірден екінші курсына түсуге мүмкіндік береді, сонымен қатар тегін оқу және шәкіртақы бағдарламасы бойынша оқуға өз септігін тигізеді.

Open Morning шарасына төменде берілген сілтеме бойынша тіркелуіңізге болады.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат