Бастауыш сынып оқушылары инновациялық тұрақтылық көрмесінде биіктен жарқырады
Бастауыш сынып оқушылары жуырда тағы бір тұрақтылық көрмесін сәтті өткізіп, шығармашылығы мен тұрақты даму бойынша жаһанмен бірлескен іске берілгендігін паш етті. 2024 жылдың 10 мамырында Haileybury Astana-да өткен іс-шарада Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (БҰҰ ТДМ) түрлі аспектісін шешуге бағытталып, мұқият әзірленген бірқатар жоба көрсетілді.
Жергілікті флораға толы әсем бақтардан бастап, жәндіктерге арналған күрделі жобаланған қонақүйлерге дейін оқушылар қоршаған ортаны қорғау мен әлеуметтік жауапкершілікті ынталандыру жолында алдына жан салмады. Көрменің маңызды сәттерінің бірі — оқушылар ысырапшылдықты тыюдың және экологиялық таза сән тәжірибесін қабылдаудың маңызын көрсету үшін, қалдықтардан жасалған таңғажайып киім-кешек назарға ұсынылған тұрақты сән көрсетілімі болды.
Мұнымен шектеліп қалмай, жас зерделілер көміртек ізін азайтуға және қауымдастықтың тұрақтылығын жақсартуға бағытталған қала құрылысы тұжырымдамалары жөнінде түсінігін көрсете отырып, тұрақты қаланың мұқият жобаланған үлгісін ұсынды. Миниатюралық қала олардың келешекті тұрақтылық қала дамуының басты талабы болады деп көретінінің айғағы болды.
Биылғы көрменің ерекшелігі университет студенттерінің қатысқандығы болды, олар тұрақтылыққа бағытталған инновациялы стартаптарын көрсетті. Беделді Google Solution Challenge Top 100 жаһандық финалист чемпионатында бәсекеге түсетін бұл жобалар инновациялы ой мен жаһандық тұрақтылық мәселелерін шешудегі бірлескен күш-жігердің ықтимал әсерін көрсетіп, бастауыш оқушыларына шабыт болды.
Іс-шара барысында жоғары сынып оқушылары қазіргі және келешек ұрпақ үшін жақсы әлемді құруға ниетті екенін, БҰҰ ТДМ-ны терең түсінетіндіктерін көрсете білді. Олардың тұрақтылыққа деген құштарлығы мен оң өзгерістер жасауға деген жігері айқын болды, ал келушілер мен педагогтерге ұмытылмас әсер қалдырды.
Тұрақты даму көрмесінің сәтті өткендігіне байланысты Haileybury Astana барша қатысушыны тамаша жетістіктері үшін шын жүректен құттықтайды. Олардың жасампаздығы, іске берілгендігі және тұрақтылыққа деген мызғымас құлшынысы — жарқын, берік келешекке деген үміт шамындай.
Әлем өзекті экологиялық және әлеуметтік мәселелермен күресуді жалғастыруда, ал тұрақты даму көрмесі сияқты бастамалар жауапкершілігі мол жаһан азаматтарының келесі ұрпағын қалыптастырудағы білімнің маңызды рөлін көрсетеді. Haileybury Astana оқушылары инновациялық жобалары мен шабыт беретін көшбасшылығы арқылы әлемге маңызды үлес қосуда жастың еш кедергі еместігін тағы бір мәрте дәлелдеді.