Сыныптан тыс оқу
Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарын мектептен тыс оқуға байланысты таныстырылымға қатысуға шақырамыз. Ата-аналармен серіктестік бағдарламасы аясында ТОК үйлестірушісі, өнер бөлімінің басшысы Мэдден мырза, ағылшын тілі мұғалімі Белл мырза және ересек мектеп директоры Фрейзер ханым (12-13 сыныптар) IB Core туралы таныстырылым жасап, негізгі мәселелер бойынша сөз қозғайды.
IB Core үш құрамдас бөліктен тұрады:
-
Кеңейтілген эссе (EE) – оқушыны қызықтыратын тақырып бойынша 4000 сөзден тұратын эссе.
-
Білім теориясы (TOK) курсы оқушыларды өз көзқарастары бойынша білім негіздері мен шегіне күмән келтіріп, өз негіздемелерін ұсынуға шақырады.
-
CAS (Шығармашылық, әрекет және қызмет) - Оқушылар әртүрлі әрекеттерді ой елегінен өткізе отырып, сол бойынша тапсырмалар орындайды. Бұл музыкалық аспапта ойнауды үйрену, спорттық дағдыларды жақсарту немесе оқу тәлімгері ретінде жұмыс істеуді қамтуы мүмкін. Мектеп оқушыларды белсенді түрде қатысуға шақыратын сыныптан тыс шаралардың түр-түрін ұсынады
Haileybury Astana мектебі сыныптан тыс оқуға көп көңіл бөлетіндіктен, біз сізді тұсаукесерде асыға күтеміз!
-
Күні: 14 желтоқсан.
- Уақыты: 14:00.
-
Өтетін орны: Акопян ханымның кеңсесі.
Қарым-қатынас жасауға қолдау және аударма қажет болғанда көмек көрсету үшін орыс тілді қызметкер болады
Егер қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Индирамен төменде берілген емайл адресі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: i.zholumbetova@haileyburyastana.kz