Haileybury Astana студенттеріне арналған Astana HUB дәрісі

Haileybury Astana студенттеріне арналған Astana HUB дәрісі

Өз стартабыңды қалай бастаған жөн? Стартап пен компанияның бір-бірінен айырмашылығы қандай? AirBnB, Uber және SpaceX секілді жетістікке жеттіңіз бе? Алтыншы деңгей оқушылары стартаптың құрылуына байланысты және олардың интербелсенді шеберлік класы кезінде дамуына қатысты көптеген құнды мәліметтермен танысты.Шеберлік класын IT-парк Astana HUB өкілдері Кенесова Меруерт, Усенов Айбар және Беймурзинов Дәулет өткізді.

Қызықты таныстырылымнан кейін, технопарк сөйлеушілері кәсіпкерлер ортасына еніп көруді және стартаптықтардың қандай қиындықтардан өтетіндігін шын мәнінде сезініп көруді ұсынды. Балалар топқа бөлініп, қысқа уақыт ішінде өз стартаптарының идеясын ойлап тапты, сонымен қатар бизнес-модель түрі мен мақсатты аудиториясын таңдап алды.

Бұл дәрістің ең маңызды бөлігі қаржы тартуға бағытталған питч-таныстырылым жасап өткізу болды. Әрбір топ өз өнімін таныстырып, мақсатты аудиториясының оны қолдану барысында өмірлерінің қаншалықты жеңілдейтіндігін көрсетті. Әрбір қатысушы өз сөзімен ерекшеленді, ешқайсысы бірін-бірі қайталамады, бір-біріне ұқсамады.

 

Он екінші сыныптықтармен кездесудің соңында, Меруерт, Айбар және Дәулет балаларға әрқашан танымпаздық танытып, ешқашан берілмеуді, ұлы істер туралы армандауды тіледі.

Технопарк өкілдерінің дәрісі Makerspace кеңістігінде өткізілді, бұл Haileybury Astana мектебіндегі жаңа кеңістік. Бұл жаңа шығармашылық кеңістік теорияны практика жүзінде жасап көруге мүмкіндік береді.

Оқушылар идеяларын талдап, өздерін қызықтырған аяларды зерттеп, өз сыныптастарымен алған білімдерімен бөліседі. Олар жоғары технологиялармен әрекеттесіп қана қоймай, өз қолдарымен де жұмыс істеуге тырысады.  

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат