Массачусетс технологиялық институтының (MIT) студенттері Haileybury Astana-да трансформациялық айын тәмәмдады
Білім-тәжірибе алмасуда Массачусетс технологиялық институтының (MIT) дарынды студенттері Юнис пен Джейсон Haileybury Astana-дағы бір айлық сапарын аяқтады.
Белгілі #MISTI бағдарламасының қолдауымен олардың қатысуы оқу орнындағы академиялық жағдайды жандандырып, студенттерге де, тәрбиешілерге де жақсы әсер қалдырды. ЮНИС пен Джейсон STEM білім беру жүйесіне ене отырып, физика, химия, информатика және STEAM+ курстарының әртүрлі жиынтығын ұсынды. Олардың жаңашылдығы мен ерекше педагогикалық тәсілідері Haileybury Astana жоғары сынып оқушылары арасында білім алудағы ынталарын оятты.
Олардың әсері кеңінен тарады. Юнис пен Джейсон оқушылар қауымдастығымен байланысын нығайта отырып, жергілікті дәстүрлер жөнінде, Қазақстанның бай мәдени мұрасы туралы толық ақпарат алды. Олардың мәдениетаралық бірлестікке ұмтылуы білімге ұмтылудағы жаһандық ынтымақтастықтың маңызын көрсетеді.
ЮНИС пен Джейсонмен қоштаса отырып, Haileybury Astana олардың STEM-білім беруді ілгерілетуге деген ұмтылысы үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Олардың трансформациялық әсері халықаралық академиялық алмасулардың құнды куәлігі ретінде қызмет ететін болады.
Алда Haileybury Astana білім берудегі үздік әдістермен мен инновацияларды жалғастыра отырып, болашақ ынтымақтастық пен бастамаларды асыға күтеді.