Haileybury Astana-да жаңа балабақша сыныбы ашылды: Қош келдіңіздер, кішкентай оқушылар!

Haileybury Astana-да жаңа балабақша сыныбы ашылды: Қош келдіңіздер, кішкентай оқушылар!

2024 жылдың тамызынан бастап балабақшаның жаңа қосымша сыныбына қабылдау ашық! Балабақшадағы білімге деген жоғары сұранысты ескере отырып, біз Haileybury Astana қауымдастығына жас оқушыларды қуана-қуана қарсы аламыз.

Білім беруде бетке ұстар Haileybury Astana мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған сапалы білімге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін жаңа балабақша сыныбы ашылғанын мақтанышпен хабарлайды. Бастауыш мектеп директорының орынбасары Эмма Грикманис жаңадан ашылған балабақша сыныбына келген оқушыларды қарсы алады.

Балабақша сыныбына біз 2024 жылдың 31 тамызына дейін 3 жасқа толатын бүлдіршіндерді құшақ жая қарсы аламыз. Оларды не күтіп тұр:
Инновациялық оқыту: Haileybury Astana аудиториялары жаңа технологиялармен және білім санаға жақсы сіңірілуі үшін тақырыптық элементтермен жабдықталған. Интерактивті дисплейлерден бастап, ең заманауи оқу құралдарына дейін балалар жаңалықтармен танысады.

Жекелендірілген оқу жоспары: Біздің оқу жоспарымыз өсу мен ізденімпаздықты ынталандыратын даму кезеңдеріне сәйкестендіріліп мұқият жасалған. Оқытудың дәстүрлі және заманауи әдістерінің үйлесімі әр баланың ерекше қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Амандық: Haileybury Astana-да оқушылардың амандығы бірінші орында. Арнайы дене шынықтыру бағдарламалары мен толық жабдықталған ойын бөлмелері физика, әлеумет және эмоция жағынан өсуге жағдай жасайды. Біздің тәрбиелік ортамыз әр бала зерттеп, ізденгенде қауіпсіз сезінгенін қамтамасыз етеді.

Сабақтан тыс үйірмелер: Музыка және орындаушылық өнер біздің оқу жоспарымызда маңызды орын алады. Музыкалық аспаптармен және өнер көрсету алаңдарымен жабдықталған заманауи студиялар балалардың талантын ашып, шығармашылығын дамытуға таптырмас мүмкіндік береді.

Haileybury Astana-ның қамқор ортасын өз көзімен көргісі келетін ата-аналарға турға тіркеліп, төмендегі сілтеме арқылы көбірек білуге ​​үндейміз. Haileybury Astana балабақшасының жаңа сыныбында балаңызға ерте жастағы сапалы білім беру мүмкіндігінен қапы қалмаңыз.

Жаңалықтар
09.07.2024
IB Нәтижелері 2024
Haileybury Astana біздің IB бағдарламасы бойынша орта балымыздың 34.48 екенін мақтанышпен хабарлайды, бұл дүние жүзіндегі оқушылардың орташа ұпайынан асып түседі.
04.07.2024
Бостонға сапар 2024
Haileybury Astana және Haileybury Almaty мектептерінің жоғары сынып оқушылары жергілікті университеттерді зерттеу үшін АҚШ-қа қызықты сапарға аттанды.
27.06.2024
Жетістіктерді тойлау: Haileybury Astana балабақшасындағы Speech Day
Биыл маусымда біздің балабақшада Speech Day мерекелік шарасы өтті, бұл біздің кішкентай тәрбиеленушілеріміздің үздік жетістіктерін атап өтуге арналған.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат