Nomadic Dragons робототехника командасы Астана аймақтық FIRST чемпионатында жарқырады!

Haileybury Astana робототехника командасы, Nomadic Dragons, жуырда Астана аймақтық FIRST чемпионатына қатысып, бірнеше беделді марапаттармен оралғанын қуана хабарлаймыз. 

Бұл үлкен жетістік команда мүшелерінің жаңашылдыққа деген құштарлығы мен командалық жұмысы арқылы робототехника саласында мектебіміздің мақтанышына айналды. Nomadic Dragons First LEGO League Challenge байқауында бақ сынады. Бұл халықаралық деңгейде танылған робототехника байқауы жас ұрпақты шынайы инженерлік мәселелерді зерттеуге шақырады. Осындай бәсекелестік ортада команда техникалық дағдыларымен ғана емес, сонымен қатар FIRST Robotics ұстанған құндылықтарға берік екендігін де көрсетті. Олардың тынымсыз еңбектері мен тапқырлығы келесі марапаттарға ие болуға көмектесті:

  • Негізгі құндылықтар марапаты: Бұл марапат робототехника қауымдастығында құрмет, инклюзивтілік және командалық жұмысты көрсеткен командаларға беріледі.
  • Прорыв марапаты: Бұл марапат қиындықтарды жеңіп, табандылық пен еңбектің арқасында шеберліктері мен мүмкіндіктерін арттырған командаларға арналған.

First LEGO League Challenge байқауындағы бұл жетістіктерге қосымша, біздің жас робототехника командамыз басқа санат бойынша да қатысып, олардың кәсібилігі мен шығармашылығын айқындайтын тағы да марапаттарға ие болды:

  • Әдептілік және адалдық марапаты: Бұл марапат құрмет көрсете отырып, басқа қатысушыларды қолдап, достықты нығайтқан командаларға беріледі және FIRST Robotics-тің миссиясын бейнелейді. Бұл марапат мектебіміздің этикалық және жауапты көшбасшыларды тәрбиелеуге деген талпынысын көрсетеді.
  • Үздік инженерлік кітап марапаты: Бұл марапат инженерлік жобалау журналының үздігі ретінде мұқият құжаттауды және техникалық процесті терең түсінуді көрсеткен командаға беріледі.

Бұл марапаттар Nomadic Dragons командасының техникалық және интеллектуалдық мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар оларды алға жетелейтін креативтілік, табандылық және командалық рухын да көрсетеді. Байқау барысында біздің оқушылар құрдастарымен тәжірибе алмасып, тәжірибелі менторлардан үйреніп, робототехника мен инженерия саласындағы ең жаңа технологияларды зерттеді. Осы жолда оқушыларымыз тек шеберліктерін шыңдап қана қоймай, сонымен қатар ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) салаларына деген өмір бойғы қызығушылығын арттырды – болашақ әлемді қалыптастыратын негізгі салалар. Nomadic Dragons командасының жетістіктері жаттықтырушыларының, менторларының және отбасыларының үнемі қолдауы болмаса, мүмкін болмас еді, олардың басшылығы мен қолдауы табыстарға қол жеткізуге үлкен үлес қосты. Бұл нәтижелер мектебіміздің Haileybury қауымдастығының барлық мүшелерінің оқушыларымызды шабыттандыру және сыныптан тыс жерде де жетістіктерге жетуге бағытталған ортаны құруға деген талпынысын көрсетеді.

Жаңалықтар
28.11.2025
Сіз сұрадыңыз – біз жасадық: Haileybury Astana-да жаңа Reception сыныбын ашқанымызды хабарлаймыз!
Haileybury Astana мектебінде 4-5 жас аралығындағы балаларға арналған жаңа Reception сыныбын ашқымыз келіп отыр! Бұл бағдарлама балаларға оқу жолы мен болашақ өсу үшін мықты негіз қалауға мүмкіндік беретін қамқор және қызықты орта ұсынады.
19.11.2024
Haileybury Astana Математика Олимпиадасының Бірінші Кезең Нәтижелері
Haileybury Astana Математика Олимпиадасының бірінші кезең нәтижелерімен танысып, негізгі кезеңге өткен оқушылардың тізімін қараңыз.
18.11.2024
Болашаққа бірге қадам басыңыз! Ашық есік күніне шақырамыз!
Сіздерді 20 қарашада 9:00-ден 11:15-ке дейін Haileybury Astana мектебінде 2 мен 10 жас аралығындағы балаларға арналған Ашық Есік Күніне шақырамыз!
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат