Балабақша мен кіші мектептегі ашық ертеңгілік

Егер сізді британдық білім беру жүйесі қызықтырып, ол туралы толық ақпарат алғыңыз келсе, сенбі, 11 желтоқсанда күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Haileybury Astana мектебінде балабақша мен бастауыш мектепте өтетін ашық есік күніне шақырамыз.

Неліктен біздің балабақша мен бастауыш мектеп сіздің балаларыңыз үшін ең үздік білім алу орны екенін біле аласыз. Бұл іс-шара барысында сіздің Мектеп директорымен қатар Бастауыш мектеп басшымен сөйлесе алатын мүмкіндігіңіз болады. Өз кезегінде олар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.

Haileybury Astana балабақшасы - сіздің балаңыздың білім алуындағы жақсы бастама. Haileybury Astana мектебінде біз халықаралық деңгейде мойындалған «Мектепке дейінгі жастың негізгі деңгейі» оқу бағдарламасын пайдаланамыз. Әрбір тақырып оқудың барлық аспектілеріне балалардың үлкен қызығушылығын тудыру және олардың белсенді қатысуын ынталандыру үшін мұқият таңдалады және жан-жақты жоспарланады.

Біздің жоғары білікті және тәжірибелі мұғалімдеріміз оқу бағдарламасын ағылшын тілінде жүргізеді, ал Haileybury Astana мектебінде мұғалімдер мен оқушылардың қатынасы жоғары. Біздің жергілікті мұғалімдер ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді, сондықтан барлық балаларға оқуға толық мүмкіндік беріледі.

Haileybury Astana мектебінің оқушылары балабақшада алған білімдеріне сүйене отырып, өздерінің әлеуметтік, есептеу және қарым-қатынас жасай білу  дағдыларын ойын және мультисенсорлық әрекеттерді біріктіру арқылы әрі қарай дамыта түседі. Біз зерттеу мен тәжірибеге назар аудара отырып, санау мен сандарды танып-білу ойындарын ойнаймыз.

Олар қоршаған әлем туралы білімдерін ғылым, тарих және география салаларына қатысты бірқатар тақырыптарды оқу арқылы толықтыра түседі. Haileybury Astana мектебінде біз дене шынықтыру, жүзу, музыка, қазақ тілі, театр және би сияқты пәндерді қамтитын ауқымды оқу бағдарламасын ұсына отырып, әрбір оқушыға өз әлеуетін ашуға мүмкіндік береміз.

  • Күні: 11 желтоқсан
  • Уақыты: 10.00-12.00
  • Өтетін орны: Haileybury Astana мектебі
  • Қарым-қатынас жасауға қолдау және аударма қажет болғайда көмек көрсету үшін орыс тілді қызметкер болады
  • Open Morning шарасына төмендегі сілтеме арқылы тіркеліңіз.

Ашық таңға төмендегі сілтеме бойынша тіркеліңіз.

Жаңалықтар
12.04.2024
Haileybury Astana оқушыларға арналған «Shark Tank» шарасын өткізеді
Haileybury Astana жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік машықтарын қалыптастыратын қызық әрі инновациялы іс-шара жоспарлап отыр.
11.04.2024
Қоғамдық ынтымақтастығы: Haileybury жауабы
Халқымыз ауқымды су тасқын салдарымен күресіп жатқан бұл қиын уақытта мектебіміз қолын қусырып қарап отыра алмайды.
10.04.2024
FOBISIA онлайн шахмат турнирінің таңғаларлық нәтижелері
2024 жылдың 2 наурызында Джакарта британиялық мектебі өткізген FOBISIA онлайн шахмат турнирі зият пен стратегияның тамаша көрінісі ретінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған аудиторияны баурап алды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат