Әлемдік тең мүмкіндіктер үшін £2,500-ден астам қаражат жиналды
17 қыркүйек күні Қазақстанда ерекше балалар арасында спорттық ойындарды дамытумен айналысатын "Тең мүмкіндіктер әлемі" қорын қолдау мақсатында "Haileybury Day" қайырымдылық іс-шарасын өткіздік. Іс-шара барасында шамамен 2 500 фунт стерлинг (1 300 000 теңге) жинағанымызды қуана хабарлаймыз.
Ерекше балаларға арналған дене шынықтыру сабақтардың артықшылықтарын көрсету мақсатында ұйым мүшелері біздің объектілерге жаттыға алады. Қор балаларға арналған спорттық іс-шараларды мектептің спорт залы мен бассейнде өткізе алады.
⠀
Қорда ерікті болғысы келетін жоғары сынып оқушылары сұрақтарын жоғары сынып тьюторларымен талқылай алады.
⠀
"Тең мүмкіндіктер әлемі" қорымен жұмысымызды жалғастыруға қуаныштымыз. Қоғамдастықтың әрбір мүшесіне тағы да алғысымызды білдіреміз. Бұл біздің ортақ жетістігіміз.