Түлектер шеруі 2022

Түлектер шеруі 2022

2022 жылғы мектеп түлектерін зор мақтанышпен шын жүректен құттықтаймыз! Осы айтулы күнге жету үшін оқушылардың әрқайсысы көп ізденіп, тынбай еңбектенді.  Шәкірттеріміздің болашақтағы әрбір бастамаларына тек қана сәттілік тілейміз!

Түлектер шеруі - Haileybury Astana мектебінің асыға күтетін, толқынысқа толы әсерлі дәстүрлерінің бірі, бұл 13-сынып оқушыларының алтын ұя мектебімен қоштасып, түлек атануын атап өтуге арналған іс-шара. Осы күні жоғары сынып оқушылары өздерінің мектептегі қызықты күндерін еске түсіріп, білім ордаларына соңғы рет «қош бол» деп айтуларына мүмкіндік беретін тамаша дәстүр.

Мектеп алаңында өткізілетін түлектер шеруінде мектептің барлық деңгейіндегі оқушылар мен қызметкерлер бітіруші түлектерді қарсы алып, қол шапалақтап, құрмет көрсетеді. Әрқайсысының жетістіктерін атап өтіп, өмір теңізіндегі жаңа, қызыққа толы саяхатқа шығарып салады.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат