Quad Walk 2023

Біз 2023 жылғы бітіру сыныбын шын жүректен құттықтаймыз! 2023 жылғы түлектер Haileybury Astana мектебін ресми түрде бітіріп шықты. Түлектер осы күнге жету үшін аянбай еңбек етіп, қаншама тер төкті, сондықтан да өз шәкірттерімізбен мақтанбай тұра алмаймыз. Болашақ өмірлеріне ашық аспан тілей отырып, сәттілік үнемі жандарыңнан табылатын адал серіктерің болсын дегіміз келеді.  

Quad Walk – түлектер шеруі, бұл 13-сынып оқушыларының шәкірт мәртебесінен мектеп бітіруші түлектерге ауысуын білдіретін Haileybury Astana мектебінің дәстүрі. Бұл дәстүр түлектерге мектепте өткізген қызықты күндері туралы ойлануға және білім алған алтын ұяларына соңғы рет «Қош бол!» деп айтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталған дәстүріміз мектебіміздің төменгі сынып оқушыларына білім алуды тәмамдап, әрі қарай үлкен өмірге қадам басқан түлектерге сәттілік тілеуге, олардың мақтанышпен жүріп өту процестерін көруге берілетін керемет мүмкіндік. Бұл біздің болашақ түлектеріміз үшін қол жеткізуге тырысатын мәні зор нәрсе.

Мектеп бітіруші түлектеріміз мектеп ауласынан өтіп бара жатқанда, мектебіміздің қызметкерлері мен бастауыш сынып оқушылары олардың жетістіктерін атап өту үшін, сонымен қатар қызықты жаңа сапарға шығарып салу үшін қошеметтеп, қатарға тұрып қарсы алады, қол шапалақтап, өз құттықтауларын жеткізеді. Бұл шәкірттеріміздің Haileybury Astana мектебіндегі білім жолының аяқталуы болып табылады.

Біз 13-сынып оқушыларымен қоштасу рәсіміне қатысқан баршаңызға алғыс айтқымыз келеді. Шәкірттерге Халықаралық бакалавр бөлімінде білім алған жылдарда қастарынан табылып, қолдау көрсеткен, ақыл-кеңестерін берген мұғалімдеріміз бейресми жағдайда ата-аналармен кездесіп, өз оқиғаларымен бөлісе алды. Біздің 2023 жылғы мектеп бітіруші сынып оқушыларының алтын ұяларын тастап бара жатқанын көру қаншалықты өкінішті болғанымен, олардың болашақ қызық өмірге аяқ басқандарына шексіз қуаныштымыз, сонымен бірге бәріміз де түлектерге тек жақсылық тілейміз, сондай-ақ біз шәкірттерімізбен болашақта түлектер кездесуінде қайта қауышқанша асықпыз!

2023 жылғы сынып түлектері, сіздерге сәттілік тілейміз!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат