«Advicem» математикалық сайысына тіркелу ашық

«Advicem» математикалық сайысына тіркелу ашық

Haileybury Astana мектебінің Халықаралық бакалавриат бөлімінің оқушылары Мерей және Камилла Қазақстан бойынша барлық оқушы қатыса алатын "Advice MathCompetition" онлайн-олимпиадасын іске қосты. Математикалық шайқас олимпиадалық қозғалысты алға жылжыта отырып, жас оқушылардың әрқайсысының жеке, өзіндік олимпиада жолын бастауларына мүмкіндік беруге бағытталған.

«Advicem» математикалық байқауы 15 қазан күні сағат 10:00-де онлайн режимде өткізіледі. 5-7 сынып оқушыларына 2,5 сағат ішінде шешімін табу қажет болатын көп таңдау жасауға мүмкін 5-10 математикалық сұрақ және еркін жауап беруге рұқсат 3-5математикалық сұрақ ұсынылады. Сайыстағы тақырыптар мектепте оқытылатын математика пәні бағдарламасын және қатысушының жас ерекшелігін ескере отырып берілетін күрделілігі әртүрлі деңгейдегі логикалық есептерді қамтиды.

Өткен жылы математикалық байқаудың негізін қалаушылардың бірі Мерей Ұлттық математикалық Олимпиадада күміс медальмен марапатталды, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында және 18-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасында үшінші орынға ие болды. Биыл 13-сынып оқушысы Мерей мен Камилла, сабақ кестелерінің тығыздығына қарамастан, математикалық онлайн-конкурс ұйымдастыруға ниет білдірді.

Жарыс Google Meet платформасында өтеді. «Advicem» математикалық байқауына тіркелу үшін төмендегі сілтемені пайдаланыңыз.

  • Тіркелудің соңғы күні: 8 қазан.
  • Қосымша ақпарат 9 қазанда электрондық пошта арқылы жіберіледі.
  • Егер сізде байқауға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаса, мына мекен-жайға хабарласыңыз n.sboui@haileyburyastana.kz
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат