Haileybury Astana мектебі TEDxYouth@HaileyburyAstana конференциясына тіркелу ашық деп жариялайды

Haileybury Astana мектебі TEDxYouth@HaileyburyAstana конференциясына тіркелу ашық деп жариялайды

Толығымен Халықаралық Бакалавриат бөлімі оқушыларының басшылығымен ұйымдастырылған бұл іс-шара «Бірегейлік» тақырыбына арналған. Ол әр жеке тұлғаның қайталанбас қасиеттерін, өзіміздің кім екенімізді, бір-бірімізден қандай айырмашылықтарымыз бар екендігін көрсетеді. Өмірдің әртүрлі салалары бойынша тәжірибелері мол спикерлер өз тәжірибесімен, білімдерімен бөліседі, біз де сіздерді сол көрермендердің қатарынан көреміз деп үміттенеміз.

TEDxYouth@HaileyburyAstana конференциясы 11 маусым күні сағат 11.00-де басталады.

Әр адам жеке тұлға, сонысымен де ерекше. Адамның мәдениеті, әуес ісі, қызығушылықтары, қызмет саласы, өмірлік тәжірибесі, құмарлықтары - бәрі оның бойында және тек өзіне ғана тән. Бұл конференция сізге біздің спикерлерге ғана тән идеялар мен қызығушылықтарды зерттеуге мүмкіндік береді және сізді шынымен бірегей ететін нәрсені зерттеуге шабыттандырады.

Haileybury Astana мектебінде Халықаралық Бакалавриат (IB) Дипломдық Бағдарламасының оқушылары жаһандық мәселелерді шешуге атсалысудың маңыздылығын мойындайды. Олар осы мүмкіндікпен айналасындағы адамдармен бөлісіп, оқушыларға әртүрлі көзқарастарды сезінуге мүмкіндік береді.

Биылғы жылы өткелі отырған конференция «Бірегейлік» тақырыбына арналады, барлық қатысушыларды осы мәселеге қатысты жан-жақты талдау жасауға, әлемдегі өз орнын табуға және оған қандай үлес қоса алатынын зерттеп білуге ​​шақырады.

TEDxYouth@HaileyburyAstana конференциясына тіркелу үшін төмендегі сілтемені басыңыз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат