Мектеп кеңесшісінің рөлі қандай?
Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарын Haileybury Astana мектебінің мектеп кеңесшісі Бақыт Адрышеваның өткізетін таныстырылымына қатысуға шақырамыз. Ата-ана серіктестігінің тұсаукесері аясында Адрышева ханым «Салауаттылық дегеніміз не? Ол қалай көрінеді және қалай дыбысталады?» және «Ата-аналардың қарым-қатынас жасауларына не кедергі?» деген маңызды сұрақтарға жауап беретін болады.
Оқушылардың жайлы әл-ауқаты Haileybury Astana мектебі рухының алдыңғы қатарында тұрады. Біз табанды, ізденімпаз, білімпаз, ойшыл және ең бастысы, бақытты болашақ көшбасшыларын тәрбиелеуге тырысамыз. Оны жүзеге асыру үшін тәрбиешілер мен ата-аналар бірігіп, балаларын қолдау үшін кез келген мүмкіндікті пайдалануы керек.
Сонымен қатар, Адрышева ханым мектептегі атқаратын қызметі мен өз рөлін түсіндіреді, сонымен қатар психикалық денсаулық маманы ретінде ұсынатын қызметтері жайлы айтып өтеді. Haileybury Astana мектебі өз оқушыларының табысқа жетуі мен мектепте пайдалы әрі көңілді уақыт өткізулері үшін олардың психикалық денсаулығы мен әл-ауқатының жоғары деңгейде болуына әрқайым қолдау көрсетуге дайын.
- Күні: 19 қазан
- Уақыты: 14.00
- Өтетін орны: Акопян ханымның кеңсесі
Сізді таныстырылымда асыға күтеміз!
Барлық сұрақтар бойынша Индираға мына электронды мекенжай бойынша хабарласыңыз: i.zholumbetova@haileyburyastana.kz.