STEAM Olympiad at Haileybury Astana

STEAM Olympiad at Haileybury Astana

STEAM бағыты оқушыларды ғылым, технология, инженерия, өнер және математика салаларында дамытып, алға жылжытады. Haileybury Astana мектебі оқу бағдарламасына STEAM бағдарламасын белсенді түрде енгізіп отыр. Оқушылар осы салалар бойынша қалыптастырған дағдыларын, сонымен қатар алған білімдері болашақ қызметтерінде қолдана алады.

Haileybury Astana мектебінің ғылым департаменті Нұр-Сұлтан мектептерін STEAM олимпиадасына қатысуға шақырады. Бұл мектептердің бірігіп, бір-бірі туралы көбірек ақпарат алып, өзара танысулары үшін тамаша мүмкіндік болады деп үміттенеміз. STEAM олимпиадасы практикалық, көңілді және қызықты командалық сынақ түрінде болады, оқушылардың есептерді шешу, практикалық жұмыс, коммуникация және топта жұмыс істеу дағдыларын тексеруге бағытталады.

Іс-шара сенбі күні, 14 мамырда, Haileybury Astana мектебінде өтеді.

Талаптар:

  1. Команда кемінде 2 адамнан тұрады, ең көбі 5 адам.
  2. Мектептер қалағанша бірнеше команда қатыстыра алады, қатысушы оқушылар 6-12 сыныптан басталады.
    Команда бейнебаянды 30 сәуірге дейін тапсыруы керек.
  3. Ұзақтығы екі минуттан аспайды.
  4. Бейнебаянда топтың атауы, мектептің аты, мүшелер мен олардың қызығушылықтары туралы ақпарат болуы керек.

Тіркелу мерзімі: 2022 жылдың 30 сәуірі. 

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат