Халықаралық бакалавриат дипломдық бағдарламасының студенті Махелидің жетістік тарихы

Махелиді әлемдегі ең жақсы университеттерге сәтті түсуіңізбен құттықтаймын. Махели бізбен өзінің жетістік тарихымен бөлісті және университетке құжат қабылдауды жаңадан бастағандарға құнды кеңестер берді.

Сіз жоғары оқу орнын қалай таңдадыңыз және емтихандарға қалай дайындалдыңыз?

Шынымды айтсам, өтініш беру процесі мен үшін өте күрделі болды, себебі алғашында мен нақты нені оқығым келетінін анықтай алмадым. Бастапқыда менің спорт менеджменті мамандығын оқығым келген, бірақ біраз талқылаулардан кейін бұл мамандықтың маған сай емес екендігін түсіндім. Саясаттануға деген қызығушылығым оянып, зерттей бастаған сәтте мен «университеттік критерийлер» тізімін құруды жөн санадым.

Менің құрған критерийлерім Қазақстаннан тыс жерлерді негізге ала отырып жасалынды, университет рейтингісі мен қабылдануға қойылатын талаптар саясаттануға қатысты болды.   Содан кейін барып осы критерийлердің барлық бөліктерін өз санама сыйғыза отырып, карта жасауға тырыстым. Бұл әрекетім өз таңдауымды біраз қысқартуыма көмегін тигізді, мысалы Ұлыбританияның 4 университетінен (Goldsmiths, Royal Holloway, Lincoln және Queen Mary)  Нидерландының 1 университетіне (Амстердам университеті) дейін тізімім қысқарды.

Менің зерттеулерім өзім қатысқан онлайн-вебинарлар арқылы негізделіп отырды, университеттерде білім алу, өмір жайлы пікір алмасулар өз пайдасын тигізді.  ІА (халықаралық марапаттау жүйесі) және курстық жұмысымды аяқтауыма орай емтихандарыма дайындала алуым үшін, аз мазасызданып, күйгелектенбеу үшін, өзге жұмыстарыма да үлгеру мақсатында  өзімнің күн тәртібімді тексеріп шықтым. Ерен еңбек пен сыни ойлау секілді ұйымдастыру жұмыстарының бірлігі соңғы өніміңіздің сапалы шығуына, жақсы бағаға қол жеткізуге, орнымен қолдануға мүмкіндік береді.

Сіз университетте не оқитын боласыз?

Мен университетте саясаттану саласы бойынша білім алатын боламын. Дегенмен мен алғашқыда спорт менеджментімен айналысқым келген. Алайда университет директорымен және өзімнің ата-аналарыммен сөйлескен соң, бұл мамандықтың маған сай еместігіне көз жеткіздім.

Осыдан кейін мен өзіме айтылған төмендегі ақыл-кеңеске құлақ астым, өз жүрек қалауым мен қызығушылығыма мойын бұрғаным дұрыс. Өзімді әлемдік саясат қызықтыратынын түсінген соң, сондай-ақ көпшілік алдында шебер сөйлеу алу қабілетім бар болғандықтан, саясаттануды өзім үшін ең дұрыс курс деген шешім қабылдадым, сонымен қатар менің университетке түсуге көмек беретін кеңесшім де бұл ойымды құптады.

Ұстаздар тарапынан қандай көмекке ие болдыңыз?

Мен өзіме университет таңдау ісінде көмектескен, қолдау білдірген көптеген адамдарға рақметімді айтқым келеді. Ең алдымен, өз алғысымды стандартты түрден тыс ойлай білуге, сондай-ақ өзім іздеген университеттердің маған қызықты курстарды ұсына алатындығына көз жеткізуімді қадалағалаған Уильямс ханымға алғысымды білдіргім келеді.  Осы орайда жасаған ерен еңбегіміз зая кетпеді, ақырында мен саясаттану мамандығын таңдадым.  

Сонымен қатар Уильямс ханымға менімен кездесуге өз уақытын бөліп, менің таңдауымды талқылап, университетке түсуім үшін жазған жеке өтінішімді қайта тексеріп, дұрыс жазуыма көмектескені үшін рақметімді айтқым келеді. Мен сондай-ақ өз ата-аналарыма да ризашылығымды айтқым келеді, пәрменді, әсерлі жеке өтінішті жазу үшін қандай қадамдар жасауым керектігін (мысалы, менің университетке түсуіме көмектесетін кеңесшімен дер кезінде кездесу ұйымдастырулары), дұрыс ойластыру маңыздылығын маған түсіндіре алғандарына алғысым шексіз. Сондай-ақ менің ата-анам менің білім алғым келетін жоғары оқу орындарының, мемлекеттердің (Нидерланды және Ұлыбритания)  және саясаттану курсының құрылымы мен түсуге қойылатын талаптар тізімін құрған кестені жасауда орасан зор көмек көрсетті.

Осыған сәйкес менің ой-санам да ұйымдасқан түрде әрекет етуіне байланысты өз түйіндемем мен жеке өтінішімді жазуым оңай болды. Сонымен қатар мен өз алғысымды Фрейзер ханымға да айтқым келеді. Фрейзер ханым маған Ұлыбританияның университеттері туралы құнды мәліметтермен бірге, өзімнің жеке уәждемемнің осал тұстарын қалай түзетуіме болатындығы туралы ақыл-кеңесін берді.

Жоғары оқу орнында қандай сала бойынша білім алмақшысыз?

Университетке түсу процесінің ұтымды өткенін қаласаңыз, сізге жауапты болу керек. Шындығында, мен сізге соңғы шешіміңізді қабылдамас бұрын, өзіңіз оқитын мамандықта қандай курстардың оқытылатынын біліп алғаныңыз дұрыс болады дер едім. Өз шешіміңізді қабылдаған соң, сізге жауапкершілікті болу қажет.

Нақтырақ айтсам, 13 сыныпқа және жоғары оқу орнына түсушілерде өзіңіз таңдаған жоғары оқу орындарының тізімі, оқу түсуге қойылатын талаптар, әр университеттің оқуға ұсынатын курстарының тізімі, өтінішті тапсыруға болатын мерзім туралы ақпарат жазылған интеллектуалды картаның болғаны дұрыс. Осылай жасау арқылы өзіңіздің нені оқығыңыз келетінін, нені күтуге болатынын жақсы анықтай аласыз. Осыдан кейін мен сізге маңызды мерзімді, күнді өткізіп алмау үшін университетке түсу режімін жасап алуға кеңес берер едім.

Сонымен қатар сыныпта да ұқыптылықпен, зор жауапкершілік таныта отырып белсенді жұмыс істегеніңіз дұрыс дер едім, мұның барлығы өзіңіздің барғыңыз келетін университетке түсу үшін қажетті аса маңызды бағаларды алу болып табылады. Өтініш берер кездегі ескеруіңіз қажет тағы да бір аса маңызды фактор – бұл уақыт, себебі әлемдегі барлық талапкерлердің де сіз армандағандай армандауы заңды, олардың да сіздің барғыңыз келген университетке барғылары келуі әбден мүмкін.

Сол себепті жеке өтінішіңіз жазылып, тексеріліп, қайта түзетілген соң, сонымен қатар бағаларыңыз да, бірден өтінішіңізді жіберіңіз. Неғұрлым ертерек қимылдасаңыз, соғұрлым жақсы болатынын есіңізден шығармағаныңыз жөн.

Жаңалықтар
25.03.2024
Мектеп Наурызды жарқын мерекелермен атап өтеді!
Өткен аптада біздің мектеп көктемнің жаңаруы мен келуін бейнелейтін Наурыз мерекесінің қуанышты рухына толы болды.
20.03.2024
13 сынып оқушылары беделді Британиялық Колумбия университетіне қабылданды
13 сыныптың үш үздік студенті Канададағы беделді Британиялық Колумбия университетіне (UBC) қалаған оқуына түсіп, үлкен жетістікке ие болды.
18.03.2024
Беделді CERN-Solvay студенттік лагеріне қатысу үшін 12-сынып стипендиаты Әбілмансұр таңдалды
Біз 12-сынып оқушыларының бірі Әбілмансұр Швейцарияның Женева қаласындағы әйгілі Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы CERN-дегі беделді CERN-Solvay студенттік лагеріне қатысу үшін таңдалғанын қуана хабарлаймыз.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат