“Тұрақты даму” атты Haileybery Astana мектебіндегі көрме
19 сәуірде біздің өнер факультеті мен бастауыш сынып мұғалімдері Тұрақты даму бойынша интерактивті көрме ұйымдастырды.
Көрме негізгі холлдан басталып, мектептің басқа бөлмелеріне таралды. Жоғары сынып оқушылары бір сағаттық иммерсивті қойылым ұсынса, бастауыш сынып оқушылары жаһандық жылыну, теңсіздік және ластану сияқты мәселелерге арналған көркем шығармалар мен баннерлер жасады.
Тұрақты даму - біздің оқу бағдарламамыздың маңызды аспектісі және мектептің стратегиялық мақсаттарының бір тірегі. Қауымдастық ретінде барлық шешімдеріміздің қоршаған ортаға тигізер әсерін бағалап, оқушыларымызға табиғатты қорғауға және сақтауға дәріптейміз.