Haileybury Astana мектебіндегі «The Explorer Programme» бағдарламасы

Haileybury Astana мектебіндегі «The Explorer Programme» бағдарламасы

Haileybury Astana және Haileybury Almaty мектептері бірлесіп "Explorer Programme" бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды. Аталған бағдарлама аясында оқушылар сарапшылармен және мамандармен кездесіп, алдағы уақытта білімдерін әрі қарай дамытуға арналған жоспарларын құрып, бағыт-бағдар алу мүмкіндігіне ие болады.

«World’s TOP universities» (Әлемнің TOP университеттері) консалтингтік қызметімен серіктестік аясында HKUST Business School (Гонконг), Калгари университеті (Канада), Глион жоғары білім институты (Швейцария) сияқты әлемнің бірнеше танымал жоғары оқу орындарының өкілдері, сонымен қатар Де Монфорт университетінің мамандары (Қазақстан) мектебімізде болып, Халықаралық Бакалвриат  бөлімінің оқушыларымен кездесті.

Халықаралық Бакалвриат  бөлімінің оқушылары жоғарыда аттары аталған жоғары оқу орындарындағы оқуға қабылдау процесі, академиялық курстар, инфрақұрылымы және осы университеттер орналасқан елдер туралы көбірек ақпарат алуға керемет мүмкіндік берілді. Сабақ соңында өкілдер сұрақ-жауап өткізіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, университеттермен жақынырақ таныса алды.

Мектебіміздегі жоғары оқу орнына түсу туралы кеңес беру қызметі оқушыларға әлемдегі ең бәсекеге қабілетті, алдыңғы қатарлы білім ордаларына түсуге көмектеседі. Біздің жоғары оқу орнына түсу туралы кеңес беру қызметі жөніндегі кеңесшілер мансаптық бағдардан бастап өтініш беру процесіне дейін қолдау көрсетеді. Ана Муноз Лопер ханымға және Джеймс Чандлер мырзаға аталған семинарларды жоғары деңгейде ұйымдастыра алғандары үшін алғыс айтамыз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат