"Hearts and Wings" журналының алғашқы нөмірі

"Hearts and Wings" журналының алғашқы нөмірі

Біз сіздерге мектебіміздің "Hearts and Wings" журналының алғашқы нөмірінің жарық көргенін қуана хабарлаймыз! Мектептің жоғары сынып оқушылары журналдың бұл нөмірін психологиялық хал-ахуал тақырыбына арнау туралы шешім қабылдады. Жас тілшілер менталды жай-күй мәселелеріне тереңірек үңіліп, мектеп мұғалімдері мен оқушылардың осы тақырыпқа қатысты атқарып жатқан іс-шаралары мен жүзеге асырып жатқан жобалары туралы сөз қозғады. 

Сонымен қатар оқушылар Haileybury Astana мектебінің психолог-кеңесшісі Бахыт Адрышевамен жүргізген сұхбаттарын жариялауды жөн көрді. Мектептің психологиялық хал-ахуал бойынша маманы балаларды тыңдай білу мен болашақта бетпе-бет келетін қиындықтар мен мәселелердің түп-төркінін түсіну  маңыздылығын жан-жақты түсіндіріп берді.

Ания, Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы бөлімінің 12-сынып оқушысы  өздерінің Haileybury Almaty  мектебіне барған сапарлары туралы айтып берді. Сонымен қатар екі мектеп  те қатысқан University Challenge сайысы туралы өз ойымен бөлісті. 

Бұл шығарылымға оқушылар өздерінің ең маңызды деп табылатын төмендегідей тақырыптарды қамтыған мақалаларын жариялады:

  • Haileybury Astana мектебіндегі психологиялық хал-ахуал
  • The Clothesline Project жобасы
  • Мектебіміздің психолог-кеңесшісі: Бахыт Адрышева ханым
  • CAS — Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының ең негізгі құраушы бөлігі
  • Болашаққа жоспар — HASTMUN 2021
  • "Әйелдер мен ерлердің саналарындағы әлемнің қалыптасуы": HAS & HAL мектептерінің бірлескен ұйымы
  • ЮНЕСКО клубы
  • Байланыс орнату
  • Әлем жаңалықтары

Біз жоғары сынып оқушыларына өздеріне тапсырылған іске аса жауапкершілікпен қарап, ойдағыдай жүзеге асыра алғандары үшін алғыс білдіргіміз келеді. Жекелеген рақметімізді Сет Мэдденге, Бахыт Адрышева ханымға, Даниэл Белл мырза мен Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы бөлімінің 13-сынып оқушысы Камиллаға сұхбатқа қатыса алғандығы үшін алғысымыз шексіз. 

Егер сіздің журналымыздың осы санының көшірмесін алғыңыз келсе, өтініш, төмендегі батырманы басыңыз.

Зейініңіз ашылсын!

Жаңалықтар
23.04.2024
Haileybury Astana Nursery балабақшасының қосымша сыныбын ашады
Қабылдау 2024 жылдың тамызынан басталады
22.04.2024
Haileybury Astana 4-ші жыл сайынғы hastmun конференциясын сәтті өткізеді
Haileybury Astana жақында көптен күткен 4-ші жыл сайынғы HASTMUN конференциясын аяқтады, ол 13-14 сәуірде үлкен табыспен өтті.
19.04.2024
Сән-салтанат кеші: көктемгі доп қуанышты естеліктер тудырады
10 сәуірде кешке 7-9 сынып оқушылары ұмытылмас іс - шараға-10 сынып оқушылары ұйымдастырған алғашқы көктемгі допқа жиналған кезде ауада күту мен толқу сезімі пайда болды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат