Haileybury Mile қайта оралды

Haileybury Mile қайта оралды

Haileybury Mile - әр оқу жылының соңында Haileybury Astana мектебінде өткізілетін танымал, көпшіліктің жүрегін жаулап алған спорттық іс-шара. Өткен аптада дене шынықтыру департаменті мектебіміздің барлық деңгейіндегі оқушылардың басын қосты. Балабақшаның, кіші мектептің және орта мектептің жас спортшылары мектеп жанындағы ішкі жолда екі айналым жүгіріп шықты.

Haileybury Mile іс-шарасына қатысу кіші сыныптағы оқушыларға Haileybury қауымдастығының басқа деңгейіндегі оқушылармен араласуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, спорттық жарыстар оқушыларға өз үйлерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Біз барлық оқушылардың жарыстарда ерекше нәтиже көрсеткенін мақтанышпен атап өткіміз келеді. Haileybury Mile ХБ оқушылары үшін (Халықаралық бакалвриат) студенттік профильдің бір бөлігі болып табылатын табандылық пен төзімділік дағдыларын көрсетуді талап еткен күрделі міндет болды.

Осындай керемет әрі көңілді іс-шараны ұйымдастырған дене шынықтыру департаментіне алғыс айтамыз. Төменде Haileybury Mile шарасының нәтижелерімен таныс бола аласыз.

Haileybury Mile шарасының нәтижелері

Сыныбы\Тобы Аты Үйі
1-сынып Алидар Д Эдмонстон
Сара K Эттли
2-сынып Марк O Эдмонстон
София M Бартл Фрер
3-сынып Сулейман K Киплинг
Мия Ю Эттли
4-сынып Марат С Бартл Фрер
Изабель A Бартл Фрер
5-сынып Валентин Л Киплинг
Шарлотта Л Киплинг
6-сынып

Денис C Эдмонстон
Нурсулу Б Киплинг
7-сынып
Сэмуэль M Эттли
Хелена K Эдмонстон
8-сынып

Джозеф A Эттли
Назерке Р Эттли
9-сынып

Николас С Бартл Фрер
Мадина Н Бартл Фрер

 

Жаңалықтар
18.04.2024
Аиданың беделді университеттерге жұлдызды түсуі
Талант пен адалдықтың таңғажайып көрінісінде Аиданың театр және Өнер факультетіне түсу туралы арманын жүзеге асыру жолы жаңа биіктерге жетті, өйткені ол Ұлыбританиядағы беделді университеттерден бірнеше шақырулар алды.
17.04.2024
Haileybury Astana үшін қызықты жаңалықтар: мектеп формасы дүкені кеңейіп келеді!
Назар аударыңыз, Haileybury Astana барлық студенттері мен отбасылары!
17.04.2024
Haileybury Astana CIS / NEASC алдын ала есебінде табысқа жетті
Haileybury Astana өзінің жақында өткен CIS/NEASC алдын ала есебінде халықаралық білім берудегі кемелдікке деген ұмтылысын растай отырып, мақтауға ие болды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат