Коронавирустың сіздің балаңыздың менталды саулығына қалай әсер етті?

Коронавирустың сіздің балаңыздың менталды саулығына қалай әсер етті?  

Haileybury Astana мектебінің директоры Джон Коулз коронавирус пандемиясының оқушылдардың психоэмционалды жай-күйі мен денсаулығына қалай әсер еткендігі туралы айтып өтті. Сонымен қатар қашықтан оқыту қайтадан жүзеге асырылуы қажет болған жағдайда не істеуге болатынын сөз етті.

COVID-19 пандемиясы 2020 жылдың ақпан айынан бастап жаһандағы жаңалықтардың басты тақырыбына айналды. Көпшілігіміз осы індеттің салдарынан екі жыл бойы үйден шықпауға мәжбүр болатынымызды білмегенімізбен, кеңселер мен өндіріс орындарының, сондай-ақ басқа да жұмыс орындарының жабылуын тек уақытша құбылыс деп үміттендік. Өкінішке орай, коронавирус инфекциясымен байланысты оқиғалар тез арада біз күткендей жоқ болып кетпеді. Ересек адамдар болып жатқан жағдаяттарды ой елегінен өткізіп, түсінуге тырысуға қабілетті болса, балалар үшін бұның барлығы аяқ астынан қатты өзгеріске ұшыраған, түсініксіз, өмірлерін бірден өзгертіп жіберген төтенше жағдай болды, олардың қашықтан оқу режіміне тез арада, бірден көшіп кетулері қатты әсер етті.

Миллиардтаған оқушылардың қалыпты өмір режімдері толығымен өзгеріске ұшырады. Мектепке физикалық түрде барып, сабақтарын өз сыныптарында оқудың орнына олар барлық сабақтарын онлайн, қашықтан оқи бастады. Өз мұғалімдерімен, мектеп әкімшілігімен және өз сыныптастарымен қарым-қатынасты тек сандық формат түрде жасауға мәжбүр болды. Бірнеше күн ішінде 143 елдегі оқушылар жаңа ортада, өздеріне толықтай дайын емес жағдайда білім алудан басқа амалдары болмады.

Директор, мұғалім және ата-ана ретінде қашықтан оқыту және білім алу барысында оқушылардың хал-ахуалын, қандай қиындықтармен күресуге тап болғандарын көріп, сараптама жасауға мүмкіндігім болды. Кейбір сыныптардың COVID-19 індетіне байланысты осындай қиын жағдайлардан кейін мектеп қабырғасына ерте оралғандарына қарамастан, барлығы көзге көрініп тұрды. Мұның барлығына оқушылардың қысқы демалыстан кейін мектепке оралу барысында өз әріптестеріммен бірге куә болдым. Оқушылар сабақ барысында жауап беруге асықпады, тіпті талпынбады, құлықты болмады, жауапты біліп тұрса да, еш талпыныс білдірмеді. Өз мұғпалімдерінен өздерін алшақ ұстауға тырысты, тіпті сыныптастарына да жақындағылары келмеді. Олар өз-өздерін қоғамда қалай ұстау керектігін білмеді.

Біздің оқушыларымыздың хал-ахуалының жақсы деңгейде болуы мектебіміз үшін өте маңызды, үнемі алғашқы орында тұрады. Оқушыларымызға білім алуда табысты болуға көмектесу, сонымен қатар теңдестірілген қалыпты өмір сүру салтын ұстана білуді қамтамасыз ету әр мұғалімнің тілегі. Дегенмен пандемия өмірімізге енген уақыттан бастап, өмір таразысының басым жағында қорқыныш пен үрей, болашаққа деген сенімсіздік, апатты сезіну тұратын болды. Нәтижесінде, үйдің төрт қабырғасына қамалған оқушыларымыздың жағдайлары күрт төмендеп кетті, оған әсер еткен бірнеше күйзеліс факторларының болғандығы да анық жайт.

Жаңалықтар
26.04.2024
Haileybury Astana-да балабақшаның жаңа сыныбы ашылады: кішкентай оқушыларға қош келдіңіз!
2024 жылдың тамызында басталатын балабақшаның жаңа қосымша сыныбына қабылдау ашық деп жарияланады!
24.04.2024
Анна Нидерландыдағы жетекші университеттерге биология бакалаврына қабылданды
Академиялық шеберліктің әсерлі көрінісінде Анна Биология бакалавры дәрежесін алу үшін Нидерландының бірнеше беделді университеттеріне қабылданды.
23.04.2024
Haileybury Astana-да Nursery балабақшасында қосымша сынып ашылмақ
Қабылдау 2024 жылдың тамызынан басталады.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат