The Peer Education Project

The Peer Education Project

Peer Education Project (PEP) - бұл барлық британдық және халықаралық мектептерге арналған ментал денсаулықты қолдайтын бағдарлама. Қазақстанда Haileybury Astana мектебі бағдарламаны білім беру жүйесіне енгізген алғашқы мектеп.

Haileybury Astana-да біз жобаны өткен жылдың қараша айында іске қосып, мұғалімдерді оқытқан едік. Жоба аясында жоғары сынып оқушылары "Тең - теңімен" сессияларында өзге оқушыларға қолдау көрсетті.

Осы тоқсанда сыныптастарын оқытуда ат салысқысы келетін 10 және 12 сынып оқушыларын таңдадық. Олар шағын топтарда бөлінді. Қазір олар кураторлық сағат барысында 7 және 8 сыныптардағы құрдастарына менталды денсаулық мәселелеріне қатысты бес сабақ беруде.

Жобаның табысты болуын асыға күтудеміз. Себебі, Haileybury Astana-да барлық оқушы өз әлеуетін толық ашып, мектепте қуанышты болғаның қалаймыз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат