Сәтті аяқталған жыл: Haileybury Astana мектебінде 2022-2023 оқу жылының соңғы қоңырауы

Сәтті аяқталған жыл: Haileybury Astana мектебінде 2022-2023 оқу жылының соңғы қоңырауы

Соңғы қоңырау – біздің ақылды да дарынды оқушыларымыздың жыл бойы қол жеткізген жетістіктерін атап өтуге арналған мереке. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар оқу үлгерімі көрсеткіштері туралы ой қорыту және Haileybury Astana мектебінің жоғары марапаттарын алған шәкірттерді құттықтап, құрмет көрсету үшін жиналады.

Біз сондай-ақ бір жыл бойы еш ерінбестен, аянбай еңбектенген, сондықтан да сыйға лайық жандарды марапаттау рәсімі барысында сахнаға шақырып, шексіз  құрметімізді көрсетеміз. Егер шәкірт марапатқа ие болмаса, бұл біз оның жетістіктерімен мақтанбаймыз немесе оның ешқандай құны жоқ дегенді білдірмейді. Жыл соңында аты аталып, марапатқа ие болатын шәкірттер олар көптің ішінен озып шыққан, нағыз жүйрік әрі алғыр жандар деген сөз. Еңбектерін бағалайтындығымызды көрсете отырып, басқа оқушыларға үлгі етеміз, барлығының да алдағы уақытта белгілі бір жетістіктерге қол жеткізуге ынталандырамыз.

Биылғы жылы біздің оқушыларымыз «Академиялық үлгерімі», «Еңбекқорлығы және жетістігі», «Haileybury әдеттері» және «Көшбасшылық қасиеттерге ие болғаны үшін Директор марапатын» алу үшін сахнаға шақырылды. Сондай-ақ Бастауыш деңгей, балабақша сыныптарында дене шынықтыру, музыка, өнер және сахна өнері салаларында белсенділік пен жоғары жетістіктер көрсете алған оқушыларға қосымша медальдар табыс етілді. Оқушылардың, ата-аналардың және мектеп қызметкерлерінің күлімдеген, бақытты жүздерін көру бізді қуанышқа бөледі.

 Осы күнді біз, сонымен қатар жыл бойы қол жеткізген академиялық емес жетістіктерімізді атап өту үшін де қолдандық. Мектеп директоры Коулз мырза өз сөзінде мектептің Азиядағы Британдық Халықаралық Мектептер Федерациясына (FOBISIA) мүше болып кіретінін жариялады. FOBISIA - Азиядағы жоғары сапалы британдық білім беруді қолдайтын және насихаттайтын жетекші Федерация болып табылады. Біз осындай ұйымның бір бөлігі болғанымызға шексіз қуаныштымыз. 12-сынып оқушысы Зсофия біздің оқушыларымыздың бір жыл ішінде жасай алған барлық таңғажайып академиялық емес жетістіктері туралы хабарлады.

Барлық түлектерге сәттілік тілейміз! Есіңізде болсын, бір рет хэйлиберийлік болған адам, мәңгіге хэйлиберийлік болып қала бермек!

Құттықтаймыз, хэйлиберийліктер!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат