Қоқыс жинау күнінің сәтті өтуі
Haileybury Astana экомектебі 28 мамыр күні әкімшілікпен бірлесе отырып Астана қаласындағы Президент саябағында Қоқыс жинау күнін өткізді. Бұл іс-шара Haileybury Astana қауымдастығы арасында экологиялық сана мен тазалықты насихаттауға бағытталған.
Екі сағатқа созылған іс-шара барысында біздің 45-тен астам оқушы мен олардың ата-аналары қоқыс жинауға қатысты. Осы 2 сағат ішінде шәкірттер 30 кг-нан астам қоқыс жинады, мұны біз таңқаларлық жетістік деп санаймыз. Біз, әсіресе жұмысқа деген оң көзқарасын көрсеткен жасы кіші шәкірттерімізді мақтан тұтамыз. Біз оқушыларымыздың өмір жолдарында кездесетін қиындықтар туралы мүмкіндігінше ертерек білуі маңызды деп санаймыз.
Бұл сұрақтар да қоршаған ортаға қатысты кез келген басқа сұрақтар сияқты, біздің оқушыларымыз үшін маңызды сабақ болып табылады, өйткені бұл экологиялық мәселелерге қатысты оң және мүдделі ұстанымға әкелуі мүмкін. Сондықтан, қоқыстарды тазалауға арналған екі сағат ішінде біздің оқушыларымыз қоршаған ортаны қорғауға көмектесті, жаңа нәрселерді танып-біле алды, сонымен қатар, ең бастысы, қатысушылар үшін көңілді уақыт өткізу шарасы болды! Іс-шара соңында әрбір эко-жауынгер символдық ағаш медальмен марапатталды.
Біз барлық ата-аналар мен оқушыларға осы іс-шараға қатысқаны және қолдағаны үшін алғыс білдіргіміз келеді. Бұл біздің қоғамдастығымыз үшін біріге отырып, табиғатқа оң әсер етуі үшін берілген керемет мүмкіндік болды. Акцияға қатысқандардың барлығына рахмет.