Haileybury Astana мектебінің оқушылары мектеп аумағына ағаш отырғызды

Haileybury Astana мектебінің оқушылары мектеп аумағына ағаш отырғызды

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты құрметтеу мектебіміздің негізгі ұстанатын қағидаларының бірі. Олар бізді қоршаған әлемнің гүлденуі үшін қажетті құрал ретінде қызмет етеді. Экологиялық тұрақтылық қоршаған ортаны сақтайды және энергия тұтынуды азайтуға септігін тигізеді.

 Біздің планетамызға қамқорлық жасау барлық нәрсенің негізі болып табылатындықтан, бұл салауатты әрі жаңашыл қоғамның қарқынды дамуы үшін әрбір жанның үлес қосуына мүмкіндік беретін өркендеу кілті.

Осы себепті 2022 жылдың 21 мамырында Haileybury Astana мектебінің ата-аналары мен оқушылары мектеп алаңына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл науқанға Рождество қайырымдылық акциясына қаражат жинаған Haileybury Astana мектебінің ата-аналар қауымдастығы бастамашы болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарының бірі жер бетіндегі экожүйелерді сақтау болып табылады. Бұл біздің мектеп ұжымы үшін аса маңызды іс болғандықтан, белсенді және тату мектеп қауымы болып осы іс-шараға өзіміздің шағын үлесімізді қоса алғанымызға шын жүректен қуаныштымыз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат