Бейне байқау! Оқушыларды қабылдау және маркетинг бөліміне сайттың жаңа бөлімін жасауға көмектесуге шақырамыз.

Құрметті оқушылар және ата-аналар,

Қазіргі уақытта маркетинг бөлімі жаңа веб-сайтымыздағы «Жиі қойылатын сұрақтар»  бөлімін әзірлеуде.
Сізге отенциалды ата-аналар біздің мектеп туралы әдетте сұрайтын бір немесе бірнеше сұрақтарға жауап бергеніңізді бейнеге түсіріп, қызықты конкурсқа қатысуға ұсынамыз. Үздік бейнелерді таңдап, оларды веб-сайтымызда жариялаймыз.
 

  • 1 сұрақ - 1 бейне;
  • Өзіңіз қалағанша көп бейне түсіре аласыз;
  • Бейне атауында сұрақ нөмірін, аты-жөніңізді, сонымен қатар сыныбыңызды көрсетініз. Мысалы: Q12 Joe Bloggs 5KS;
  • Бейнеңізді сілтемесі бойынша жүктеңіз.

     
    ?Бейнені 31 мамырға дейін жіберу керек.

Бейне нұсқаулықтары - Top tips to recording a short selfie video

Телефонға бейне түсіру бойынша бірнеше кеңестерді ұсынамыз:

1) Қайда түсіру керек – ашық кеңістікті табыңыз; өзіңізді ақ фонда түсірмеңіз; мүмкін болса, қосымша керек-жарақтарды пайдаланыңыз: кітаптар, дәптерлер және т.б.

2) Жарық – өзіңізді жарыққа қарсы түсірмеңіз (терезенің алдында түсірмеген жөн), жарық сіздің бетіңізге түсіп тұруы керек.

3) Бар фокус сізге жасалуы керек – сіз «суреттің»ортасында болуыңыз керек; яғни фокус сізге жасалуы керек.

4) Камераны орнатыңыз – телефонды көлденең күйде қолданыңыз; камера мен бетіңіздің бірдей деңгейде екендігіне көз жеткізіңіз (камераны төңкеріп ұстамаған жөн).

5) Камера тұнықтығы – мүмкін болса, смартфонның артқы камерасын қолдануды ұсынамыз (әдетте оның тұнықтығы жақсырақ ).

6) Не кию керек – мектеп формасы ;)

7) Жазбалар жасап алыңыз және оларды өзіңізге жақын ұстаңыз – бұл сізге жауабыңызды жазу кезінде сенімділік береді.

8) Жай сөйлеңіз.

9) Камераға қараңыз.

10) Ұзақтығы: 20-30 сек. (максимум 1 минут)
 
Рахмет!
Жауаптарыңызды күтеміз!
 
 
Оқушыларды қабылдау және маркетинг бөлімі
admissions@haileyburyastana.kz

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат