Haileybury Astanaдағы «Жасыл киіңіз» психикалық денсаулық науқаны

Haileybury Astanaдағы «Жасыл киіңіз» психикалық денсаулық науқаны

Осы аптада Haileybury Astana қауымдастығы менталды денсаулық туралы хабардар болу апталығын атап өтуде. Кеше менталды денсаулықтың маңыздылығын атап өту үшін оқушылар мен мұғалімдер "Wear it Green" науқанына қатысты. Жасыл түс менталды денсаулыққа қатысты стереотиптермен күресуді білдіреді. Науқанға қатысу үшін мұғалімдер мен оқушылар жасыл түсті киім кию керек еді.

Әрбір оқушы мектеп қабырғасында психологиялық қолдау бар екенің біліп, жыл барысында оған ие болуы өте маңызды. Сондықтан оқушылар мен қызметкерлер әрқашан haileybury.kz сайтында мектеп психологының кеңесіне жазыла алады.

Акция ерікті болды, бірақ көптеген оқушылар мен мұғалімдердің белсенді қатысқанына өте қуаныштымыз. Галереядегі фотосуреттерді қараңыз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат