Haileybury Astana мектебіндегі Халықаралық сулы-батпақты алқап күні.

Haileybury Astana мектебінің бастауыш сыныптарында, 2-ақпан күні Халықаралық сулы-батпақты алқап күніне арналған экологиялық ассамблея өтті.  

Соңғы жылдары біздің ғаламшарымыздағы тұщы су көлемі күн санап азайып келеді. Аталған кампания сулы-батпақты алқаптардың таза тұщы су үшін қаншалықты маңызды екенін нақты көрсетеді. Сулы-батпақты алқаптар және су бір-бірімен тығыз байланысты: олар адамдардың өмір сүруі үшін және ғаламшарымыздың ахуалының жақсы жаққа өзгеруі үшін  аса қажетті.  

 Осы эко-жоба аясында бастауыш сынып оқушылары ағылшын жазушысы Catherine Emmett-тің “King of Swamp" атты әңгімесін оқып шықты. Бұл әңгіме тек қызықты әңгіме ғана емес, сонымен қатар ол біздің сулы-батпақты алқаптар, климат пен табиғатқа қамқорлық жасау маңыздылығы туралы танымымызды кеңейте түсетін де әңгіме.

Haileybury Astana мектебі сулы-батпақты алқаптар туралы қызықты дәлелдермен, ақпараттармен бөліскен және Wetlands Eco Kahoot  үшін сауалнама жасап ұсынған балдырған эко-сарбаздарға алғысын білдіреді.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат