- Haileybury туралы
- Қабылдау
- Wellbeing
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Haileybury Astana 2012 жылдың қыркүйегінде Астана қаласының Иван Панфилов көшесі, 4 мекенжайы бойынша ашылды. Бұл білім ордасы мектеп негізін қалаушы құрылтайшылардың қайырымдылық көмектері есебінен қаржыландырылып отырған коммерциялық емес ұйым. Мектепті Ұлыбритания Haileybury мектебі және қазақстандық құрылтайшылардың өкілдері кіретін Басқарушылар кеңесі басқарады. Мектептің Алматыда серіктес мектебі бар және ол Haileybury мектептерінің үлкен тобына кіреді. 2011 жылы мектеп Қазақстанның халықаралық аккредиттеу және рейтинг агенттігінің институционалдық аккредитациясынан өтіп, толық аккредиттеу мәртебесін алды.
Мектептің стратегиялық жоспарлау процесі әрқашан болашақ іс-әрекеттерімізге қатысты және әрдайым Haileybury Astana мектебінің өткен жылдардағы және қазіргі уақытта жеткен жетістіктеріне негізделе отырып жасалады. Бұл процестің нәтижелі болуының айқын дәлелі ол біздің кез келген әрекетке қарқынмен кірісетіндігіміз. Жоғары нәтижеге қол жеткізуге мектебіміздің білікті ұстаздар қауымы мен әр іске жауапкершілікпен қарайтын әкімшілік тобы, сонымен қатар мектеп қауымдастығы және білім алуға ынтық, белсенді оқушыларымыз қолдау көрсетеді. Мектебіміздің табысты болуына қажетті машықтардың дамуына өз септігін тигізетін оқу бағдарламасы бар, сонымен қатар қаржылық ахуалымыз да жоғары деңгейде. Осы бағыттан таймай, алға қойған мақсатымызға қарай жылжи берсек болашақта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, бұдан да биік белестерді бағындыратын боламыз.
Мектеп қауымдастығы Haileybury Astana мектебінің міндеті мен өмірлік көзқарасын жүзеге асыруға қажетті бес негізгі стратегиялық мақсатты анықтады. Бұл бастамалар таяу жылдарда Haileybury Astana мектебінің инклюзивті, оқушыларға бағытталған қоғамдастық ретінде дамуының нақты қадамдарын көрсетіп бермек.
Ұсынылып отырған жоспардың бес негізгі стратегиялық мақсаты төменде беріліп отыр:
Бұл мақсаттардың әрқайсысы мектеп ретінде біздің орта және ұзақ мерзімді жоспарларымызды білдіреді. Барлық мақсаттар өзара байланысты және Haileybury Астананың міндеті мен көзқарасын ілгерілетудің негізгі бағыттарын анықтайды. Мектеп қауымдастығын біздің көзқарасымыз бен болашақ бағдарымыз төңірегінде біріктіру әрбір оқушыға жеке көңіл бөлу, оған бағытталған оқыту арқылы өсуіне ықпал ету үшін маңызды. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін біз кеңістік, кесте, уақыт пен технологияны қоса алғанда, қорлардың да икемділігін арттыратын мектеп жүйелерін оңтайландырудың маңызды екендігін мойындаймыз. Нәтижесінде, осы бес мақсатты жүзеге асыру арқылы біз оқушыларды олардың отбасыларымен бірге ала отырып, әрбір шәкірттің зияткерлік, физикалық және әлеуметтік-эмоционалдық денсаулығын қорғап, қажетті қолдау көрсете аламыз.
Haileybury Almaty 2008 жылы Ұлыбританиядағы Haileybury мектебімен бірлесе отырып ашылды. Бұл коммерциялық емес білім беру жобасы қазақстандық кәсіпкерлер қайырымдылық тобының ынталандырылуымен жүзеге асырылды. Haileybury Almaty британдық тәуелсіз мектептерінің ең жақсы дәстүрлеріне сәйкес кешенді, жан-жақты гуманитарлық білім береді. Оқушыларға шетелдің де, Қазақстанның да үздік университеттеріне түсуге және қабылдануына мүмкіндік беретін Advanced Levels (A level) деңгейіне дайындалады.
Мектеп негізі 1862 жылы құрылған. Лондоннан солтүстікке қарай 32 шақырым қашықтықта ауданы 200 гектарды құрайтын көркем де әсем кампуста орналасқан. Haileybury мектебі 11 мен 18 жас аралығындағы оқушыларға заманауи интернат пен күндізгі тамақтануды ұсынады.