Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету саясаты

Haileybury мектебінің ата-аналар қауымдастығы (НРА)

Haileybury мектебінің ата-аналар қауымдастығы ресми шарлардан бастап қарапайым викториналарға дейін әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді.

НРА-дың негізгі мақсаты – балаңыздың оқуы кезінде сіз бен мектеп арасындағы ынтымақтастық сіз үшін барынша қанағаттандырарлық болғанын қамтамасыз ету.
Haileybury мектебінің ата-аналар қауымдастығы комитеті Haileybury мектебінде оқитын ұлдар мен қыздардың ата-анасынан тұрады.

Комитет төраға, хатшы, қаржы басқарушымен қатар әр Хаустың өкілдері және мектеп ұжымының өкілдерінен құралады.  Комитеттің барлық мүшелері туралы ақпарат осы парақта келтірілген.

Ата-аналармен жұмыс жөніндегі Нұсқаулық

Haileybury Astana мектебі ата-аналардың мектеп дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз және балаңызға мектеп уақыты қалай пайдалы болса, сізге де ата-ана ретінде өткізген уақытыңыздың сапалы болғанын қалаймыз. Сол мақсатпен біз Haileybury Parents' Association (HPA) деп аталатын ресми ата-аналар қауымдастығын құрдық.

Бұл өз Жарғысын басшылыққа ала отырып әрекет ететін нақты айқындалған құрылым. Басты мақсаты ата-аналар үшін құнды әлеуметтік өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету болып табылады. Оны ата-аналар өзге ата-аналар үшін жасайды және оған қызметкерлер тарапынан қолдау көрсетіледі.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат