- Haileybury туралы
- Қабылдау
- Wellbeing
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Біз балалардың және қауымдастықтың барлық мүшелерінің пікіріне ерекше көңіл бөлеміз – бұл балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін өте маңызды болып табылады. Мектеп мәселені уақтылы көтерген жағдайда баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады деген пікірге нық сенеді.
Ересектердің барлығы, оған қоса Хаустар мұғалімдері, кураторлары, жетекшілері, әкімшілік қызметкерлер, еріктілер, уақытша қызметкерлер мен қамқоршылар біздің оқушыларымызды зияннан қорғауда белсенді рөл атқарады, және біз оқушыларымыздың әл-ауқатының бірінші орында тұрған міндет болып табылатынын түсінеміз.
Haileybury Astana барлық қызметкерлері әр баланың әлеуметтік, дене және психологиялық дамуына жағдай жасайтын қамқоршыл, позитивті, қауіпсіз және уәждемелі ортаны қамтамасыз етуге міндеттенеді. Haileybury Astana мектебі қорғалуы қамтамасыз етілген балалардың оқуда көп жетістікке жететініне нық сенеді.
Haileybury Astana-да әрбір баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үлкен маңыздылыққа ие. Оқушылардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тұрақты миссиямыздың бір бөлігі ретінде мектепте Toot Toot қолданбасын енгізетінін хабарлаймыз.
Toot Toot - оқушылардың буллингтен бастап менталды денсаулыққа қатысты уайымдарын конфиденциальды түрде жоғарғы өкілдерге жеткізе алатын жаһандық қолданба.
+7 771 420 2301