- Haileybury туралы
- Қабылдау
- Wellbeing
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Тарихқа жүгінетін болсақ, білім беру жеке оқытудан гөрі ұжымдық оқытуға, яғни сыныптық оқыту үлгісіне бағытталады. Мұндай жағдайда оқушылардыңқызығушылықтары немесе әуес істерін айтпағанның өзінде, олардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне жеке-жеке көңіл бөлуге уақыт тым жеткіліксіз болатын, ал бұл көбінесе оқушылардың өзін-өзі дамытуы мен алға ілгерілеуіне деген жауапкершілікті алуларына кедергі келтірді. Біздің мақсатымыз – қарым-қатынас пен ынтымақтастық, шығармашылық пен жаңашылдық, қиындықтарды шешу және іздену сияқты дағдылардыдамытуға қолдау көрсете алатын оқыту мен оқу ортасын құру, сонымен қатар әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, оның зейінін, қызығушылығы мен даралығын қалыптастыратын, оның бірегейлігін дамыта түсетін оқуға бейімдеу арқылы жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып табысқа жету болып табылады.
Haileybury Astana мектебі жалпы бала күтіміне, оның ішінде оның интеллектуалдық, физикалық, әлеуметтік және эмоционалдық саулығына ерекше көңіл бөледі. Балалар өздерін қауіпсіз сезінген кезде ғана оқуда және күйзелісті басқаруда жақсы жетістіктерге қол жеткізе алады.
Оқушыларымыздың жағымды әлеуметтік және эмоционалдық даму құндылықтарын жетілдіре түсуі үшін жоғарыда аталған дағдыларды үйрету және нақтылай түсу өте маңызды, сонымен қатар оқушыларға осы дағдыларды күнделікті өмірдің әртүрлі жағдайларында шынайы тәжірибеде қолданып қана қоймай, бекітулеріне де мүмкіндік беру керек. Сондай-ақ біз мектеп қызметкерлерінің әлеуметтік-эмоционалды оқуды алға жылжытуда және мейірімділік, бөлісе білу және жаны ашу, аяушылық білдіру сияқты мінез-құлықтарды бойға сіңіртуде маңызды рөл атқаратынына көз жеткіздік.
Haileybury Astana мектебі сонымен қатар спортқа, музыкалық, театрлық қойылымдарға және басқа да сабақтан тыс іс-шараларға атсалысу арқылы денсаулықты нығайта түсуге тырысады. Жақында болған COVID пандемиясымен оның балаларға тигізген әсеріне байланысты мектептегі әл-ауқатдеңгейінің жоғары деңгейде болуы оның көптеген болашақ дамуларының негізі болып табылатынын дәлелдеді.
Өзге мектептермен ынтымақтастықта болу әр білім ордасының өз оқушыларына ұсынатын оқу мүмкіндіктерін, құндылықтар мен мәденибайлықтарын толықтырып, нығайтады. Жақында орын алған Covid пандемиясының әсерінен Нұр-Сұлтан қаласындағы және бүкіл әлем бойынша мектептер арасындағы және өзге де қауымдастықтар арасындағы бұрынғыөзара әрекеттестік көлемі едәуір азайып қалды. Мектеп бұл жағдайды дамудың негізгі бағыты ретінде тани отырып, қазіргі таңда оны қоғамдастықтың мүдделі тараптарымен жаңа байланыстарды қалпына келтіру және дамыту мақсатында стратегиялық бастама ретінде жүзеге асыруда.
Ынтымақтастыққа қатысты пайда болатын артықшылықтар қатарына сыртқы серіктестермен өзара әрекеттесу нәтижесінде байытылған оқу бағдарламасының болуын; мұғалімдердің кәсіби білім алу мүмкіндіктерінің кеңейтілуін; оқушылардың сабаққа қатысуын жақсартуды; қоғамға қарсы болу пікірлерінің азаюын; оқушылардың жұмыс сапасыныңартуын; мектептегі жұмыс әдебінің жақсаруын; үлкен мәдени хабардарлық пен эмпатияның жоғарылауын жатқызуға болады.
Дүние жүзіндегі ой-пікірлер мен көзқарастардың өзгеруіне байланыстытұрақты даму мектеп үшін ең маңызды қажеттілікке айналуда. Haileybury Astana мектебі үшін тұрақты білім беру және іскерлік тәжірибелерді қолдана отырып, білім алу мен әрекет арасындағы алшақтықты жою аса өзекті мәселеболып отыр.
Тұрақтылықты болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қазіргі қажеттіліктеріне еш нұқсан не зиян келтірместенқамтамасыз ету деп атауға болады. Оның үш тірегі бар: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік. Тұрақтылыққа бағытталған стратегиялықбастама бренд құндылығын арттырады, мүдделі тараптардың талаптарынқанағаттандырып, тиімділікті арттырады, білікті жаңа қызметкерлердіжұмысқа тартумен қатар, өзге де тың мүмкіндіктер ұсынады.
Білім берудегі инновация оқушыларды зерттеуге, ізденуге және жаңа нәрсені ашу үшін барлық құралдарды пайдалануға ынталандырады, осы арқылыоқушылардың шығармашылық қабілеті мен мәселелерді шеше алудағдыларын дамытуға көмектеседі. Инновация тек технологияны пайдаланудегенді білдірмейді. Алайда сандық технологиялар, роботтехникалар немесе жаңа өнертабыстар, мысалы, 3D басып шығару, мектептің білім беру жүйесіндегі инновацияларға үлес қосуға көмектеседі.
Haileybury Astana мектеп аймағында оқу бағдарламасы мен физикалық қорлар аясында мүмкіндіктерді өзгерте отырып, алдыңғы қатарлы, ең озық технологияларды мақсатты түрде енгізуге тырысады. Екі саладағы әзірлемелер оқушыларға қарым-қатынас пен ынтымақтастық, шығармашылық пен инновацияны қоса алғанда, сыни ойлау, мәселелерді шеше білу және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын тереңірек түсінуге мүмкіндік беру үшін дайындалған.
Бұл технологияны икемді пайдалану Бастауыш және Жоғары мектептің барлық деңгейіне таралатынинновациялық тақырыпты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біз өз жаңа оқу кеңістіктеріміздің жаңашыл технологияларға ие болуына, оқушылардыбелсенді болуға тартуға, білім алу үшін оқудың жаңа мүмкіндіктерін тудыруға, жетістіктерді жақсарту мен жергілікті және жаһандық қауымдастықтармен өзара әрекеттесуді кеңейтуге ұмтыламыз.