Жоғарғы мектепке қабылдау

Haileybury орта мектебі оқушыларды университетке түсуге және мектептен кейінгі үлкен өмірге дайындайды. Біз шәкірттеріміздің қоршаған әлеммен таныса отырып, оның қыр-сырын ашып, жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін сапалы біліммен қарулануы керек деп санаймыз. Мектептің білім бағдарламасы оқушыларға алған білімдерін орнымен қолдану керектігін, сондай-ақ оны пайдалану барысында арман-қиялға ерік беріп, жаңа мүмкіндіктер табуға көмектеседі.

Virtual portal

ОРТА МЕКТЕПТІҢ ВИРТУАЛДЫ ТӘЖІРИБЕСІ

Біз шәкірттеріміздің қазіргі таңда бәріне түсінікті нәрселерден гөрі әлі ешкім зерттемеген, жасап көрмеген тәжірибелерді жүзеге асырып, ізденімпаз болғандарын қалаймыз. Мектептің бірегей білім бағдарламасы оқушыларға өздерін пән мамандары ретінде көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ сонымен бірге академиялық зерттеулердің алдыңғы қатарында болу үшін керек болатын жауапкершіліктің де не екенін түсіндіреді.
Балаларға деген шексіз махаббатымыз бен кеңпейілділігіміз, бірін-біріне қолдау көрсетуге дайын тұратын қауымдастығымыз үшін бала тәрбиесі және оларға деген қамқорлық барлық істің бастауы болып табылады
ОРТА МЕКТЕП ПОРТАЛЫНА ӨТІҢІЗ
ОРТА МЕКТЕПТІҢ ВИРТУАЛДЫ ТӘЖІРИБЕСІ
Virtual portal

Халықаралық Бакалавриат (Ib)виртуалды диплом бағдарламасы

Халықаралық бакалавриат диплом бағдарламасы:
* Жан-жақты әрі терең білімге ие болуды қалайтын;
* Физикалық, интеллектуалды, эмоционалды және этикалық тұрғыдан дамып, жетілуге дайын;
* Кем дегенде екі тілді үйреніп шығатын;
* Дәстүрлі академиялық пәндердің жақсы меңгеріп, үздік болатын;
* Білім теориясы бағдарламасының бірегей курсы арқылы білімнің табиғатын зерттеуге әзір оқушылардың дамуын қамтамасыз етеді
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАКАЛАВР ДИПЛОМ БАҒДАРЛАМАСЫ (IBDP) ПОРТАЛЫНА ӨТІҢІЗ
Халықаралық Бакалавриат (Ib)виртуалды диплом бағдарламасы

Егер сіз толығырақ ақпарат алу үшін мектепке келуді қаласаңыз, төмендегі сұрау формасын толтыруыңызды сұраймыз. Содан кейін қабылдау комиссиясы сізге мектеп ішін аралатып, өзіңізбен пікірлесетін болады.

Өтінішті қалай беруге болады?

  1. Төмендегі қабылдау туралы сұрау формасын толтырыңыз.
  2. Қабылдау комиссиясы кеңес беру және мектеп турына жазу үшін өзіңізбен байланысады.
  3. Өтініш формасын толтырып, құны 45 000 теңге болатын тіркеу жарнасын төлеңіз.
  4. Балаңыздың қазіргі оқып жүрген мектебінен оқу жылының оқу үлгерімі бойынша есептерін беріңіз.
  5. Сіздің балаңыз қабылдау емтиханын тапсырып, сұхбаттасудан өтеді.
  6. Табысты үміткерлерге орын ұсынылады.
  7. Сіз орынды кепілдік депозитін төлеу арқылы сақтай аласыз және басталу күнін қабылдау комиссиясымен келісуіңізге болады.
, Оқушыларды қабылдау жөніндегі бөлім директоры
Жамиля Махсут
Оқушыларды қабылдау жөніндегі бөлім директоры
, Оқушыларды қабылдау департаментінің маманы
Ботагоз Кабдошева
Оқушыларды қабылдау департаментінің маманы

Tел: +7 7172 55 98 55 (#100)

WhatsApp: + 7 777 522 45 43

admissions@haileyburyastana.kz

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат