Жоғарғы мектеп (11-18 жас) оқушыларға оқу үдерісін түйсіну және ондағы өз бейінін түсіну тұжырымдамасын береді.

7-9 мыныптар оқушылар үшін бара-бара байыпты оқу кезеңіне айналады.

Мұғалімдер тіл үйрену пәндерін қоспағанда, барлық пәндерді ағылшын тілінде жүргізеді. Оқу бағдарламасы өте ауқымды, академиялық, шығармашылық және тәжірибелік салаларды қамтиды. Сонымен қатар, 7-9 сынып оқушыларының артып келе жатқан жауапкершілігін және кемелденуін ескере отырып, біз Сыныптан тыс сабақтар бағдарламасын (ССА) таңдауды кеңейтеміз. Бұл оқушыларға жаңа салалар мен пәндердегі өз мүддесі мен дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді.

 

International GCSE – бұл Ұлыбританияда оқушылар 11-ші сыныптан кейін тапсыратын емтихандардың GCSE халықаралық нұсқасы.

Оқушылар Кембридж университетінің бір бөлігі болып табылатын Кембридж университетінің Халықаралық емтихандар орталығы (СІЕ) ұсынатын бірқатар пәндер бойынша International GCSE тапсырады. Сонымен қатар CIE әлемдегі оқушыларға арналған ең ірі провайдер болып табылады. Біз ұсынатын пәндердің толық тізімін осы нұсқаулықтан таба аласыз. Екі жылды құрайтын курсты аяқтаған соң, емтихандарды нәтижелі тапсырғаннан кейін оқушылар әр пән бойынша бүкіл әлемде танылған сертификаттарды қолдарына алады және оқудың келесі кезеңіне дайын болады.

International GCSE бағалары ең жоғарғы A* бағасынан басталып, A бастап G дейінгі бағалармен жалғасады. Осы бағалардың кез келгенін алуы үміткердің емтиханды тапсырғанын білдіргенімен, көптеген университеттер мен жұмыс берушілер пән бойынша С немесе одан жоғары бағаны алу маңызды деп есептейді. Оқушылардың көбі одан әлдеқайда жоғары балл алады, оның үстіне A және A * бағаларын алған оқушылардың саны бірқатар пәндер бойынша жоғарылап келе жатыр.

10 және 11 сыныптарда әр оқушы ағылшын тілін (бірінші немесе екінші тіл ретінде; сондай-ақ «ағылшын әдебиеті» пәнін оқуға болады), математиканы, жаратылыстану ғылымдарын және заманауи шет тілін үйренеді. Сондай-ақ оқушыларға мемлекеттің құндылығы мен мәдениетін ұғыну және онымен болашақта әлем азаматтары ретінде дайын болу үшін қазақ тілі оқытылады.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат