- Haileybury туралы
- Қабылдау
- Wellbeing
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Мектебіміздің әрбір оқушысының дене тәрбиесі арқылы физикалық, әлеуметтік және эмоционалды түрде тұрақты даму әлеуетін арттыратына кәміл сенеміз. Оқу бағдарламасына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардан бастап жоғары сынып оқушыларына дейін қызықты және пайдалы, алуан түрлі сабақтар ұсынамыз. Біз жастардың мүмкіндіктерін кеңейту барысында спорттың әсері мен әлеуетінің пайдалы болатындығына күмәніміз жоқ.
Бастауыш мектепте дене тәрбиесі пәні бойынша біздің ұстаздарымыз физикалық сауаттылық пен негізгі моториканы дамытуға баса назар аударады. Біз сондай-ақ жалпы, ұсақ және перцептивті моториканы да назардан тыс қалдырмай, бірге дамытуға тырысамыз.
Орта мектепте оқушылардың барлық спорт түрлері бойынша меңгерген дағдыларын одан әрі дамыта түсу үшін қайталау, пысықтау жұмыстарын жүргіземіз. Біз сонымен қатар білім алушылардың көшбасшылық қасиеттері мен әртүрлі мәселелерді шеше білу, ойлану және нәтижелерді талдай білу қабілеттерін жетілдіруге назар аударамыз. Мектеп оқушыларының әрқайсысының жеке қабілеттілік деңгейіне қарамастан, инклюзивтілігі мен өз бетінше даму әлеуетіне толықтай сенім білдіреміз. Оқушыларға ұсынатын оқу бағдарламамыз келесі бағыттарды қамтиды:
Haileybury мектебінің спорт бөлімі төмендегі сыныптан тыс бағдарламаларды ұсынады: бұл бағдарламалар жыл бойы өткізіледі және оқушыларға жергілікті, аймақтық және ұлттық деңгейде жаңадан бастаушы кезеңнен әр саланы жетік меңгеруге дейін бәсекелестік тұрғыда дамуға мүмкіндік береді. Біз ұстаздарымыздың жаттықтырушы қызметтерінде және оқушыларымыздың даму жолында инклюзивтілікке және кемелдікке ұмтылуды еш тоқтатпайтындарына нық сеніммен қараймыз.
Мектебіміз 3 спорт маусымынан - футбол/ футзал, баскетбол және волейболдан, сондай-ақ футбол маусымынан (U14 жастан төмен оқушылар үшін) тұратын жергілікті COASH спорт конференциясына белсенді қатысады.
Осы лигамен қатар Орталық Азия жеңіл атлетика федерациясы (ОАЖАФ) да бірге жұмыс істейді. Бұл маусымдар COASH маусымдарымен қатар өтеді, бірақ өңірлердің басқа қалаларына, соның ішінде Алматы, Бішкек, Ташкент және басқа да қалаларға сапар шегу орын алуы күтілуде. Өткізілетін орындар жыл сайын өзгеріп отырады және қосымша төленеді.
Төменде берілген айтулы күндер спорттық бағдарламалар күнтізбесінің көрсеткіші болып табылады. Бұған жыл бойы бағдарламаға үнемі қосылып отыратын жергілікті жарыстар енгізілмейді.
Бұл бағдарламаларға қосымша біз жүзу бойынша да түрлі жарыстарды өткізетіндігімізді айта кетуді жөн көріп отырмыз. Бұған мектепішілік жарыстар, мектепішілік командалық жарыстар, сондай-ақ Астанадағы жергілікті клубтармен кездесулер кіреді.
Біз жыл сайын дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасын үнемі жетілдіріп, дамытып отырамыз, сонымен қатар келесі жылдары көбірек мүмкіндіктер ұсынуға тырысамыз.