Мұнда, Haileybury Astana мектебінде, біз оқушыларға практикалық әрі қолданбалы дағдылармен қатар, өмір бойы білім алуға құмарлықты дамытатын тұтас және инновациялық білім беруге ұмтыламыз.
STEAM – бұл пәнаралық, оқушылардың білім алу тәсілдерін оңтайландыруға бағытталған оқыту әдісі, ол әрбір білім алушының жеке тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді және оқушыларды тың сынақтар жасауға, жаңа дағдыларды үйренуге және процесте бірге жұмыс істеуге ынталандырады.
Олимпиаданың басты мақсаты болып табылатын осы процестерді анық көрсетуі мен одан әрі дамытуы өте маңызды, сонымен қатар әркім өзінің ең жақсы жұмысын көрсетіп, бір-бірінен үйрене алатын мектеп қауымдастығын біріктіруден артық не бар.
Мектепте оқушылар күнделікті мейлі ол аббревиатура болсын, мейлі ол қосымша пәндер болсын, STEAM бағдарламасының барлық аспектілері бойынша жұмыс істейді. Біз жан-жақты тақырыптар мен мәселелерді шешу дағдыларын ұсына отырып, бір сабақтан немесе пәннен екіншісіне көшіруге болатын пәнаралық жұмыстар мен тың идеяларға қолдау көрсетеміз. Негізгі тұжырымдардың барлық салаларда қамтылуын қамтамасыз ету үшін пәндер бірлесіп жоспарлайды және оқушылар оларды әртүрлі жолдар арқылы сынақтан өткізе алады. Жаратылыстану ғылым саласында оқушылар зерттеу, құрылыс, құрастыру, сурет салу, жоспарлау және математикамен айналысады, бұл әрекеттердің барлығы технологияны қолдана отырып біріктірілген.
Біздің KS3 деңгейінің оқушыларының сабақ кестесінде iMake сабақтары бар, онда олар толығымен оқушылардың жетекшілігімен топтық жобалар бойынша жұмыс істейді, деректі фильмдер түсіреді, Тұрақты даму мақсаттарына қатысты БҰҰ мақсаттары туралы түсініктерін дамытады және болашақ жұмыстарына қажетті қосымша дағдылардың түрлерін өздері анықтайды. Мысалы, егер олардың жобасы 3D принтерлерді, электр құралдарын пайдалануды немесе титрлеуді қажет етсе, біз олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін осы салалардағы дағдыларын дамыта отырып, бірігіп жұмыс істейтін боламыз.
STEAM олимпиадасы 14 мамырда, сенбі күні, Нұр-Сұлтан қаласындағы Haileybury Astana мектебінде өтеді. Сағат 09:00-де басталады, бір-бірімізбен танысып үлгеруіміз үшін барлығыңызға ертерек келуге кеңес береміз. Мектеп өз сағат 08:30-дан бастап ашық болады, мектепке келген соң тіркеу үстеліне барыңыз, сізді сол жерде біздің мектебіміздің ұжымы қарсы алады.
Сол күнгі ауа райы жақсы болады деп үміттенеміз, өйткені біз жабық және ашық алаңдарды қатар пайдалануды жоспарлап отырмыз. Қимыл-қозғалысыңызға ыңғайлы, нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жайлы киім кигеніңіз жөн және қажет болса, егер қажет деп санасаңыз, қосымша жылы киіміңізді алып келіңіз.
Барлық оқушылар мен қызметкерлер бір-бірін жақсы біліп алулары үшін сайыс күні таныстықтан басталады. Содан кейін біз командаларға тапсырма үлестіреміз, әр команданың жоспарлауына, дайындалуларына уақыт береміз, сынақ тапсырып болған соң, соңында таныстырылым мен жарыс өткізіледі.
Олимпиада негізінен ағылшын тілінде өткізілетініне қарамастан, сайыс тілге тәуелді болмайды. Мектепте орыс және қазақ тілдерінен аудармашылар болатындықтан, Олимпиадаға барлық үміткерлер еркін қатыса алады.
Иә, бұл мүмкін. Команда әр түрлі мектептер мен қалалардан немесе белгілі бір топтағы жас ерекшеліктері әртүрлі оқушылардан құрала алады.