2021 жылы Халықаралық бакалавриат дипломы бағдарламасының студенттері Haileybury Astana мектебінде ЮНЕСКО клубын ашты. 2020 жылдың бізге әкелген қиындықтарын түсіне отырып, Алтыншы деңгей оқушылары бірігу уақыты келгенін түсінді және ауызбіршілік таныта отырып оқушылардың қандай жетістіктерге жете алатынын табуға тырысты.
ЮНЕСКО клубы оқушыларға өз елінің мәдениеті туралы көбірек білуге және осы білімдерімен құрбыларымен бөлісуге мүмкіндік береді. Осы жоба аясында оқушылар бірлесе отырып, табиғатты аялауға және көмек пен қолдауға мұқтаж жандарға қамқорлық жасау мүмкіндігіне ие болды.
Олардың қайырымдылық, шығармашылық және танымдық шараларға қатысуға мүмкіндігі бар. ЮНЕСКО клубының арқасында оқушылар қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіре алады, көшбасшылық қасиеттерінің жаңа қырларын ашып, қоғамның саналы бір бөлігі болуды үйренеді.
Алдағы уақытта мектеп бойынша жүзеге асырылып жатқан көптеген таңғажайып жобалармен таныстырамыз.
Саяхатымызды ЮНЕСКО клубынан бастайық.