Haileybury Astana мектебі Ұлыбритания, АҚШ және Канаданың университеттеріне түсуде кең спектрлі қолдау көрсету қызметін ұсынады.

«Біздің сізге әлемдегі көптеген ғылым, бизнес, медицина және құқық, сондай -ақ басқа да көптеген мамандықтар бойынша ең үздік университеттерінен шақыртулар алуға және өтініш беруге көмектесетін тәжірибеміз, білім мен байланыстарымыз бар. Сонымен қатар біз қаржылық көмекке мұқтаж студенттерге шәкіртақылар мен қаржылық қолдау көрсететін университеттерді табуға көмектесеміз ». - дейді Стокерманс мырза.

Haileybury Astana мектебі «Әлемнің ең үздік университеттері» жоғары оқу орындарына түсуге байланысты кеңес беру қызметімен бірлесе жұмыс істейді, бұл кеңес беру қызметінің басты міндеті оқушыларға әлемнің бәсекеге қабілетті университеттеріне түсуге көмек беру болып табылады, оның ішінде АҚШ-тағы Ivy League университеті, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Оксфорд, Кэмбридж, Russell Group университеттері де бар.

Әлемнің кез келген университетіне оқуға түсуді жоспарлаған студенттер сөзсіз ең жақсы таңдау жасауға көмектесетін арнайы көмек пен кеңестерге қол жеткізе алады. Haileybury Astana мектебі әр студенттің тестілеу кезеңінде болсын, эссе жазу, материалдық көмекке өтініш беру кезінде және сұхбаттасу кезінде болсын, өзіне қажет барлық қолдауды қолдану мүмкіндігіне ие болатындығына кепілдік береді. Сондай-ақ балаларға арнайы түсу емтихандары кезінде көмек көрсетіледі (мысалы, Оксфорд пен Кембридж).

Haileybury Astana мектебінің барлық студенттері біздің жоғары білікті және өз істеріне адал берілген қызметкерлеріміз басшылық жасайтын әртүрлі іс-шаралар арқылы әлеуметтік және интеллектуалды дамуға мүмкіндік алады.

Оның құрамында:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Үлгісі мен талқылау тобы
  • Эдинбург герцогінің Халықаралық сыйлығы
  • Орталық Азияның өзге алдыңғы қатарлы мектептерімен өткізілетін спорттық сайыстар
  • Кәсіби бағдар беру және өмірлік дағдыларға бейімдеу
  • Теңқұқылы тәлімгерлік және қоғамдық жұмыстар
  • Студенттік басқару және Үй жүйесі арқылы көшбасшылықты дамыту мүмкіндіктері

Біз кімбіз?

УНИВЕРСИТЕТКЕ ТҮСУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ КЕҢЕС БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

"World’s TOP universities"

”World’s TOP Universities” консалтинг агенттігінің директорлары Стив Стокерманс және Ана Муньос Лопера Канада, Жапония, Испания мен Таяу шығыс орта мектептері мен университеттерінде жұмыс істеген 15 жылдық еңбек өтілі бар, сондай-ақ АҚШ, Канада, Еуропа мен Азия елдерінің университеттеріне қабылдау бойынша сарапшылар болып табылады.

Біздің оқушыларымыз төменде көрсетілгендей университеттерге түсіп, студент атануда:
- АҚШ: Массачусетс технологиялық институты, Гарвард, Принстон, Йель, Колумбия университеті, Корнелл, Берклидегі Калифорния университеті, Нью-Йорк университеті, Дьюк, Чикаго университеті …
- Ұлыбритания: Кембридж, Оксфорд, Лондон колледж Университеті (UCL), Лондон экономика мектебі (LSE), Лондон Империя Колледжі, патшайым Мария Лондон университеті, Манчестер Университеті …
- Еуропа: Эрасмус, Гронинген, Амстердам университеті, саяси зерттеулер Институты (Париж), Вена экономика және бизнес университеті, Женева университеті, Карла III атындағы Мадрид университеті, ESADE, IE, Боккони Университеті...
- Азия: (Жапония) ICU, Keio, Waseda, Sophia. (Корея) KAIST, (Гонконг) HKUST, HK Poli, (Сингапур) NUS/Yale, Nanyan Tech, (Австралия): Monash, Melbourne, Sydney, Queensland, SP Jain ...
- Канада: Торонто, Макгилл, UBC, Ватерлоо, Куинс, Далхаузи..

"World’s TOP universities"

Біз не ұсына аламыз:

  • Жоспар құру және оны ұстану үшін үнемі әңгімелесу жүргізу, кеңес беру
  • Сабақтан тыс іс-шаралар: Сіздің тарихыңызды жоспарлау және құру
  • Эссе жазу: Сіздің эссеңіздің аяқталмаған әрі соңғы нұсқасы бойынша көмек беру
  • Шәкіртақы іздестіру және өтінішті беру процесі
  • Тәлімгерлік, оқу және тәжірибеден өту. Ұқсауға тырысарлық Үлгі табуға көмек көрсету
  • Жаздық бағдарламалар: SAT Boot Camp, көшбасшылық, академиялық пәндер.

Біз кешенді қарастыру әдісіміз арқылы оқушыларымызды Солтүстік Америка мен Ұлыбритания университеттеріне қабылдану процесінің барлық кезеңінде қолдаумен қамтамасыз ете аламыз. Біздің жұмысымыздың негізінде әрбір оқушының жоғары оқу орнына түсудегі әрбір аспектісі бойынша жеке дара қолдауды қажет етеді деген сенім жатыр, университетті таңдау стратегиясынан, емтиханға дайындыққа дейін және жеке өтініш / эссе жазудан бастап, сыныптан тыс тәлімгерлік пен пікірлесуден өту тәжірибесіне дейін көмек беру.

Біздің кеңесшілеріміз бен тәлімгерлеріміздің  түйіндемелері өте әсерлі, жоғары деңгейлі:

АМЕРИКАНДЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ТҮСУ БОЙЫНША КЕҢЕСШІ

Стив Стокерманс, директор

Тринити Колледжі, Торонто университеті (халықаралық қарым-қатынастар бакалавры)
Комильяс университеті, Мадрид (саяси ғылымдар магистрі)
Лондон университеттік колледжі. Білім беру саласындағы көшбасшы. Магистр
Канадалық. 3 мемлекеттен алған 3 диплом иесі.
Торонто университетінде студенттерді қабылдау бөлімінде жұмыс істеген.
Испания, Британдық Колумбия және Жаңа Шотландия, Канадада білім беру лицензиясына ие
Халықаралық Бакалавриат көшбасшы біліктілігі (UCL)
Синсю (Жапония) университетінде жұмыс істеген.
Канада, Испания және Сауд Арабия елдерінің мектептерінде жұмыс істеген (жоғары мектеп директорының орынбасары, ағылшын тілі, тарих, карьера мәселесіне қатысты кеңес беруші).
Нью-Йорктегі және Вашингтондағы колледждерге қабылдану кезінде, сонымен қатар Айви Лигасына (Ivy League) және Солтүстік Американың жоғары деңгейлі білім орындарына түскісі келетін Таяу Шығыс студенттері үшін элиталық қабылдау агенттіктерінің кеңесші маманы.
Стив Стокерманс, директор

13-сынып оқушысы Махели әлемнің алдыңғы қатарлы жеті жоғары оқу орнынан шақырту алды. Haileybury мектебі жоғары мектебінің бұл оқушысы беделді, озық лондондық университеттерден шақыртуға қол жеткізе алды; Goldsmiths College, Royal Holloway және Queen Mary Лондон университетіне. Ол сонымен қатар Амстердам университетіне де қабылданды.

Арина, Haileybury Astana мектебі Халықаралық Бакалавриат бөлімінің оқушысы, Британдық Колумбия Университетіне (University of British Columbia) қабылданды. Біз Аринаны Британдық Колумбия Университетіне (University of British Columbia) түсуімен құттықтап, білімнің ең биік шыңдарынан көрінуіне тілектеспіз.

Бұған қоса, Арина тағы да әлемнің алдыңғы қатарлы бірнеше жоғары оқу орындарынан шақырту алды. Атап айтсақ, Кипрдегі Орталық Ланкашир Университеті (University of Central Lancashire Cyprus); Сити, Лондон университеті (City, University of London), Ланкастер Университеті (Lancaster University), Эксетер Университеті (University of Exeter), Стаффордшир Университеті (Staffordshire University) және Ұлыбритания, Стратклайдад Университеті (University of Strathclyde). 

Арина Халықаралық Бакалавриат Дипломдық бағдарламасы бойынша білім алуда (IB). Сабақтан тыс уақытта Арина мектепішілік түрлі жобалар мен маңызды іс-шараларға белсене атсалысады. Ол Haileybury Astana Model United Nations Conference (HASTMUN 2021) конференциясы барысында қарым-қатынастар жөніндегі маман ретінде қатысты.

Былтыр Арина ЮНЕСКО Клубы мүшелерінің қатарына қабылданды. Оның еңбекқорлығы мен табандылығы Клубтың мақсат-міндетімен мейлінше көбірек адамның хабардар болуына себепкер болды, сонымен қатар Клубтың тыныс-тіршілігін мүмкіндігінше кеңірек әрі толығырақ насихаттауға көмектесті. Қаңтарда Haileybury Astana мектебіндегі ЮНЕСКО клубы ресми мәртебеге ие болды.

АМЕРИКАНДЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ТҮСУ БОЙЫНША КЕҢЕСШІ

Ана Изабель Муньос Лопера, директор

Сарагоса университеті, ағылшын филологиясының бакалавры; Лондон Университеттік колледжі, педагогикалық көшбасшы саласының магистрі, Саламанка университеті, бастауыш мектепте білім беру бакалавры.
Ана – шығу тегі испандық, Канадада тұрады, Сарагоса университетінің магистрі дәрежесіне ие, (ағылшын филологиясы) және Лондон Университеттік колледжі (педагогикалық көшбасшы саласының магистрі, Халықаралық бакалавриат). Ол Канадада білім беру біліктілігін алу үшін Торонто университетінде білім алған. Ол Еуропадағы Erasmus халықаралық алмасу бағдарламасының директоры қызметін атқарған және жоғары сынып оқушыларын Еуропа мен әлемнің түрлі мектептеріне, сондай-ақ жоғары оқу орындарына жіберіп отырған.

Ана Жапонияда да жұмыс істеген, сонымен қатар Таяу Шығыста мемлекеттік шәкіртақы агенттіктерінде маман ретінде, Нью-Йорк пен Вашингтонда Солтүстік Америка, Ұлыбритания, Еуропа мен Азияның жоғары оқу орындарына түсумен тікелей айналысатын элиталық университеттер кеңесші болып қызмет етеді.
Ана Изабель Муньос Лопера, директор

Биби, Haileybury Astana мектебі Халықаралық Бакалавриат бөлімінің 13-сынып оқушысы, Бристол университетіне (University of Bristol), Мидлэссекс Университетіне (Middlesex University London), Суррей Университетіне (University Of Surrey) және Ройал Ветеринария Колледжіне (Royal Veterinary College) қабылданды.

Бибі мал дәрігері болғысы келеді, өйткені ол бала кезінен жануарларға бас-көз болып, қамқор танытқанды ұнатады. Бибінің айтуынша, бұл мамандық түрі оған қуаныш сыйлайды.

«Менің Халықаралық Бакалавриат бөлімінің оқушысы ретінде жасаған саяхатым өте қызықты болды. 12-сыныптың басында мен не күтерімді білмедім. Өйткені бізде алты пәнмен қатар қосымша компоненттер де болды. Дегенмен, сапардың қиындығы әртүрлі деңгейде болды деп айта аламын. Кей кездер басқаларымен салыстырғанда анағұрлым оңай болды.

Мен барлық оқушыға міндетті түрде Халықаралық Бакалавриат Дипломы Бағдарламасында (IB DP) білім алуды ойланбастан ұсынар едім. Ол, шын мәнінде, маған университетке түсуге көмектесті. Бұл курс маған жүктемелерді өз деңгейінде жүзеге асырып, тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауға көмектесті».

Haileybury Astana мектебі Халықаралық Бакалавриат бөлімінің 13-сынып оқушысы Анеттаны жоғары оқу орнына қабылдануымен құттықтаймыз! Анетта Ұлыбритания, Ирландия және Нидерланды елдерінің университеттеріне қабылданды.

"Мен Лондондағы бірнеше университетке түстім, олар Лондондық Мэри Патшайым университеті (Queen Mary University of London), Сити, Лондон университеті (City, University of London), Ройял Холлоуэй, Лондон университеті (Royal Holloway, University of London) және Вестминстер университеті (University of Westminster).

Менің өтінішімді қабылдаған өзге жоғары оқу орындары Ирландия мен Нидерландыда орналасқан: Тринити-колледжі (Trinity College Dublin), Амстердам университеті (University of Amsterdam), Эрасмус Роттердам университеті (Erasmus University Rotterdam) және Гронинген университеті (University of Groningen).

Менің Халықаралық Бакалавриат бөлімінің оқушысы ретінде жасаған саяхатым өте танымды, қызықты және кейде өте қиын да болды. Осы 2 жыл ішінде мен көптеген жаңа адамдармен таныстым және бірнеше іс-шаралар мен жобаларға қатыстым, бұл жылдар маған жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуыма, есеюіме және өз уақытымды тиімді басқара алуыма, өзгелермен ынтымақтастықта бола білуге және өз бетіңмен әрекет етіп, тәуелсіз болу сияқты көптеген пайдалы дағдыларды бойыма сіңіруге мүмкіндік берді."

Біз мұны қалай жүзеге асырамыз?

Оқушымен жеке пікірлесу жүргізу

Оқушымен және оның ата-анасымен жеке сұхбат, бастауыш сыныптан бастап тұрақты кездесулерді жүзеге асыру. Сіздің балаңыздың мақсаттары қандай? Университеттер мен мамандықтардың оңтайлы үйлесімін іздеу.

Оқушының өзгелерден ерекшеленуі үшін не істеу керек?
  1. Қандай жоспар?Оқушының өзгелерден оқшау тұруы үшін не істеу керек? 
  2. 1-бет. Ағылшын тілінен тест тапсыруға дайындық (TOEFL немесе IELTS)? IELTS тапсырудағы мақсат - 7,5, TOEFL тапсырудағы мақсат - 100
    1. Қосымша жәрдем қажет оқушыларға репетиторлық көмек көрсету.
    2. Мектепте TOEFL және IELTS бойынша сынақ тестін тапсыру.
  3. 2-бет.  Мектептегі академиялық жақсы үлгерімге қол жеткізу. Жоғары мектепте оқушыға қажетті әрі сай келетін курстарды дұрыс таңдауға көмектесу және бағалардың қажетті деңгейде болуына қадағалау жасау.  A Level халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие, сол себепті де негізгі пәндерден алған бағаларыңыз сіздің алға жылжуыңызға көмектеседі. Оқушы мен мұғалім арасында тығыз байланыстың болуы оқушының ең жоғары көрсеткіштер мен жетістіктерге қол жеткізе алатындығының кепілі.
Академиялық жақтан үздік болу
  1. 3-бет. Қосымша академиялық жетістік.  
  2. Американдық және өзге де халықаралық жоғары оқу орындарына түсу үшін SAT дұрыс дайындалу.
    1. Мектепте SAT бойынша сынақ тестін тапсыру
    2. SAT сынағын тапсыру бойынша Клуб
  3. АҚШ жоғары оқу орындарына баратын оқушылар үшін АР емтихандары. Бұл емтиханға қалай дайындалуы керек?
    1. Медицина, ғылым мамандықтары бойынша оқуға түскісі келетін студенттер үшін бұл сыртқы емтихандар қолжетімді, бұл емтихан қорытындылары АҚШ мемлекетіне оқуға түсу үшін өткізетін өтініш құндылығын арттырады.
  4. Математика және информатика пәндері бойынша олимпиадалық сайыстар да кейбір жоғары оқу орындарына түсуге қажетті марапаттар болып табылады, мысалы Массачутес технологиялық институты.
    1. Олимпиадалық сайыстарға қатысуға қолдау көрсету.
  5. Зерттеу жұмыстары, жарияланған мақалалар, ғылыми көрмелер, қосымша тілдік куәліктер… Осының барлығына қосымша сіздің академиялық беделіңізді көтеретін айғақтар.  
    1. Мектептегі іс-шаралар мен жаңа клубтарды басқару мүмкіндігін ұсыну
    2. Құжаттарды тапсыруда туындаған сұрақтар бойынша кеңес беру және байланыстар орнату

Оқушыны қызықтырған университетіндегі жаздық курстар. Йель университетіне оқуға түскіңіз келе ме? Йель университетінің жаздық курсына барыңыз, өзіңізді көрсетіп, мақтау қағазын алыңыз, марапатқа ие болыңыз.

Жоғары деңгейлі оқу орындары сіздің өздеріне сай екендіктеріңізді білгілері келеді
    1. 4-бет. Сыныптан тыс сабақтар мен жеке эссе. Жоғары деңгейлі оқу орындары сіздің өз оқу орнында оқуға лайықты екендігіңізді білгілері келеді.
      1. Мектептен тыс өзіңіз айналысатын нақты істердің шағын тізімі.
      2. Сіздің көрсетуіңіз керек:
        1. БЕЛСЕНДІЛІК.  Өзгенің жолымен жүріп қою жеткіліксіз, өзіңіздің жеке дара жолыңызды бастаңыз.
        2. КӨШБАСШЫЛЫҚ/ҰЙЫМДАСТЫРУ. Өзіңіздің ұйымдастыру жұмыстарыңызды ең тиімді түрде жүзеге асырғаныңызды және оның болашақта ұзақ уақыт бойы өзіңізге қызмет ететіндігін көрсете аласыз ба?
  • ҚОҒАМҒА ҮЛЕС ҚОСУ
  • Университетіңіздің сізге не істей алатындығын сұрамаңыз, оның орнына өз қоғамыңыз үшін не істей алатындығыңызды сұраңыз.

 

FAQs
Хейлибери Астанадан Солтүстік Америкадағы университеттерге дейінгі жол
Хейлибери Астанадан Солтүстік Америкадағы университеттерге дейінгі жол
Халықаралық бакалавриат деген не?
Халықаралық бакалавриат деген не?
Университеттердің ұсыныстары | University of Toronto, WASEDA University
Университеттердің ұсыныстары | University of Toronto, WASEDA University
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат