- Haileybury туралы
- Қабылдау
- Wellbeing
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Алға қойған мақсатымыздың бір бөлігі ретінде біз мектептегі және одан тыс өмірдің кейбір аспектілерінің оқушыларымыздың, әсіресе психикалық денсаулығына қатты әсер ету арқылы қиындықтар туғызатынын түсінеміз. Оқушыларымызға қиын кезде қолдау көрсету үшін мектеп кеңесшісінің көмегі бар екендігін ескерткіміз келеді:
Бақыт Адрышева ханым психология саласы бойынша магистр дәрежесі бар психикалық денсаулық маманы және кәсіби кеңес бере алатын мектеп қызметкерлері штатындағы кеңесші.
Кеңес жеке басы немесе академиялық мәселелерге тап болған оқушыларға қолдау көрсетуге, сонымен қатар мінез-құлық тұрғысында, эмоционалды немесе психикалық қиындықтары бар оқушыларға беріледі.
Мектеп кеңесшісі оқушыларға жеке немесе тұлғааралық мәселелерді шешуге көмектесу үшін жеке кеңес береді. Кіші топтағы кеңес беру оқушылардың тыңдау және қарым-қатынас жасай білу дағдыларын дамытуға бағытталған, оқушыларға басқаларға түсіністік танытуға және құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнату арқылы әлеуметтік қолдау табуға көмектеседі.
Мектеп кеңесшісі сонымен қатар ата-аналарға жеке кеңес беру қызметін ұсынады, сондай-ақ психикалық денсаулық мәселелері бойынша тренингтер өткізеді.
Сонымен қатар, мектеп кеңесшісі барлық оқушыларға академиялық, әлеуметтік, эмоционалды және мінез-құлық мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу үшін педагогикалық қызметкерлермен тығыз жұмыс жасайды.