Haileybury Astana-дағы әл-ауқат

Біз оқушыларымыздың психикалық денсаулығы мен әл-ауқатын қолдауға тырысамыз және міндеттіміз, осылайша олар өз мүмкіндіктерін толығымен қолданып, табысқа жетеді, сонымен қатар мектептен білім алу процесі оларға тек қуаныш сыйлайтын болады.

Алға қойған мақсатымыздың бір бөлігі ретінде біз мектептегі және одан тыс өмірдің кейбір аспектілерінің оқушыларымыздың, әсіресе психикалық денсаулығына қатты әсер ету арқылы қиындықтар туғызатынын түсінеміз. Оқушыларымызға қиын кезде қолдау көрсету үшін мектеп кеңесшісінің көмегі бар екендігін ескерткіміз келеді:

Бақыт Адрышева ханым психология саласы бойынша магистр дәрежесі бар психикалық денсаулық маманы және кәсіби кеңес бере алатын мектеп қызметкерлері штатындағы кеңесші.

Кеңес жеке басы немесе академиялық мәселелерге тап болған оқушыларға қолдау көрсетуге, сонымен қатар мінез-құлық тұрғысында, эмоционалды немесе психикалық қиындықтары бар оқушыларға беріледі.

Мектеп кеңесшісі оқушыларға жеке немесе тұлғааралық мәселелерді шешуге көмектесу үшін жеке кеңес береді. Кіші топтағы кеңес беру оқушылардың тыңдау және қарым-қатынас жасай білу дағдыларын дамытуға бағытталған, оқушыларға басқаларға түсіністік танытуға және құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнату арқылы әлеуметтік қолдау табуға көмектеседі.

Мектеп кеңесшісі сонымен қатар ата-аналарға жеке кеңес беру қызметін ұсынады, сондай-ақ психикалық денсаулық мәселелері бойынша тренингтер өткізеді.

Сонымен қатар, мектеп кеңесшісі барлық оқушыларға академиялық, әлеуметтік, эмоционалды және мінез-құлық мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу үшін педагогикалық қызметкерлермен тығыз жұмыс жасайды.

Student Support Services

Мектеп кеңесшісі - бұл:

- мәселелерді анықтауға және шешуге көмектеседі
- сіздің ойларыңыз бен сезімдеріңізге құлақ асады
- сізді қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді
- сізді түсінеді және құрметтейді
- сізге қамқор болатын адам.

Сізді мектеп кеңесшісінен кеңес алуға Үй басшысымен немесе сынып мұғаліміңізбен сөйлескеннен кейін ғана бағыттайды.
Тікелей сессиялар төменде көрсетілген уақытта қол жетімді:
Жоғары сынып оқушылары: сейсенбі және бейсенбі 12.30 -дан 13.30 -ға дейін.
Барлық қызметкерлер: дүйсенбі және сәрсенбі 15.30 -дан 16.30 -ға дейін.


Орналасқан жері: 224 бөлме, 2-ші қабат.

Бақыт Адрышева ханыммен сөйлесу қажет болған жағдайда, келесі түймені басу арқылы онлайн тіркелуге де болады.
Тіркелеу
Мектеп кеңесшісі - бұл:
, Мектеп кеңесшісі
Бахыт Адрышева
Мектеп кеңесшісі

Тел:+ 7 7172 55 98 55

WhatsApp: + 7 777 522 45 34

b.adrysheva@haileyburyastana.kz

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат